77. Арнайы (түзету) мектебінде кәсіби еңбекке оқыту әдістемесі.
Арнайы түзету мектебінде балаларды еңбекке оқытудың негізгі мақсаты – оларды өмірге және еңбекке қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектептерде кәсіпорындарда күрделі емес жұмыс түрін өз бетімен және кәсіби деңгейде орындауға қабілетті физикалық еңбек қызметкерлерін даярлауға бағытталған. Еңбекке оқыту, басқа оқу пәндері сияқты оқушыларды жан-жақты дамыту міндеттерін шешеді. Ол физикалық, ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік тұрғысынан дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Бірақ еңбекке оқытудың негізгі міндеті – мектеп оқушыларына белгілі мамандық бойынша жұмыс істеу үшін қажетті бастапқы кәсіптік білім беру, яғни оларға қолжетімді техникалық және технологиялық білім беру, кәсіби білігі мен дағдысын қалыптастыру.
Арнайы мектепте кәсіби еңбекке оқыту ақыл-ойы кемістігі балалар үшін теориялық ережелер қарапайым түрде беріледі. Оның бүкіл көлемі емес, тек, онсыз еңбек әрекетін саналы меңгеру, еңбек технологиясын ойлау мүмкін болмайтын ең бастысы ғана айтылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіби еңбекке даярлау әр баланың тұлғалық қызығушылығына, бейімділігіне және қабілеттеріне сәйкес кәсіби қызметті еркін және саналы таңдау қабілеті мен мүмкіндігін қамтамасыз етудегі қоғамның, мемлекеттің және білім алушы тұлғасы қызығушылығын қанағаттандырумен түсіндіріледі.
Арнайы мектептегі еңбекке оқыту оқушыларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу және сауықтыру қызметтерін де атқарады. Бұл міндет балаларды өмірде қажетті: тұрмыстық, қоғамдық, пайдалы және кәсіптік еңбек түрлеріне қосу жолымен шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |