қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің:
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру арқылы
ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру:
- танымдық іс-әрекеттер;
- серуендер;
- бақылау;
- дербес және ересектермен бірлескен іздестіру-зерттеу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.