«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет1/10
Дата15.09.2017
өлшемі3,54 Mb.
#32713
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.66/02-2014



ПОӘК

«Арнайы педагогика және түзету психологиясы»

Оқу әдістемелік пәннің бағдарламасы


Басылым №1

05.09.2014ж




«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ»

5В050300 – «Психология» мамандығы студенттеріне арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
пәннің бағдарламасы
Семей 2015

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы “Психология” кафедрасының пед. ғылымының магистрі, аға оқытушы________ К.С.Адильжанова

« » 2015 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында.

« ___» 201 ж. Хаттама №


Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.С.Сатиева
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті оқу- әдістемелік бюросының отырысында

« ___» _ 201 ж. Хаттама №


Төрағасы ___________ С.Х.Тойкин
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

« ____ » __ 201 ж. Хаттама №
ОӘК ___________ Г.К.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНПЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ.




  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………............................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….......................

  4. Глоссарий.………….............................………………….......................................

  5. Курс форматы..........................................................................................................

  6. Курс саясаты

7. Лекция сабақтары.......................................................................................................

8. Семинар сабақтарының жоспары...............................................................................

9. СӨЖ жоспары...............................................................................................................

10. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі..................................................

11. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...............

12. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі............ ...........




  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу - әдістемелік кешені – «Арнайы педагогика және түзету психологиясы» пәні бойынша «Психология»-мамандығының студенттеріне осы курс бойынша дәріс беруші оқытушының жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: СС- семинар сабақтар, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына есебін тигізеді деп күтілуде.

СӨЖ- де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен игеруі мен йүге берілген тапсырманы орындау көзделеді: Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.

Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынық/емтиханды алуға арналған.
2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Психология кафедрасының аға оқытушысы, пед. ғылымының магистрі Адильжанова К.С.

Уақыты 8.30 -18.30

Ауд 1210,1202




Уақыты 12.30-13.30

Ауд 1210,1202



Тел: 634822

Каб: №1212

Корпус:№1


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Пәннің мақсаты:

Студенттерге қазіргі кездегі практикалық психологияның өзекті мәселелері, әдістері және тәсілдерімен таныстыру, сондай–ақ, практикалық психологтардың іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін психологиялық құбылыстардың ғылыми практикалық талдауын жасауға білімдері мен іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру және кәсіби-практик психологтарды даярлау.



Пәннің міндеттері :

- студенттерге түзету психологиясының негізгі теоретикалық білімдерін қалыптастыру.

- практикалық психология негіздері бойынша психологиялық білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды жүйелеу және бағытталған психологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

- кәсіби-психологиялық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

- практикалық психодиагностика және психологиялық коррекция (түзету) ептілігін қалыптастыру және дағдысын дамыту;

- практикалық- психологиялық технология туралы жүйелі түсініктерді дамыту;



4. ГЛОССАРИЙ

Альтернативтік гипотеза – нәтижесінің мазмұны басқа гипотезадан өзгеше түсіндірілетін экспериментальды зерттеудің гипотезасы

Альтернативтік шешімдер – басқа шешімдер сияқты неғұрлым шындыққа жанасатын кейбір проблемалардың мүмкін болатын шешімдерінің бірі

Психодиагностикалық әдістемелердің құндылығы (валидность психодиагностической методики)– берілген әдістеме бойынша алынған нәтижелердің бастапқы ойға сәйкестілігі.

Іріктеу – зерттеу жүргізуге болатын адамдар тобы

Іріктеу дисперсиясы – эксперименталды және психодиагностикалық мәліметтерді таратудың математикалық-статистикалық көрсеткіші

Гипотеза – арнаулы дәлелдеулерді талап ететін, ғылыми негізделген қойылған проблеманың мүмкін болатын жауабы.

Потенциалды даму зонасы – Адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері

Бөлу заңы – варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық ара қатынас.

Биномалды бөлу – берілген жағдайдың математикалық моделі.

Нормалды бөлу – биномалды бөлудің шекті жағдайларының бірі.

Параметрлерді табу – жиынтықтың жалпы қасиетін көрсететін статистикалық бөлудің сипаттамасы.

ММРІ – белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник) Тәуелді ауыспалылық –

Тәуелсіз ауыспалылық -



Зерттеу объектісі – ғылыми зертеу жұмысы жүргізілетін объект

Зерттеу пәні – белгілі уақытта оқып-зерттелінетін зерттеу объектісінң бір жағы

Латиндік квадрат – тәуелсіз өзгергіштіктердің деңгейлерін позициялы теңестіруге негізделген кросс – индивидуалды эксперименттің / көпдеңгейлі эксперимент/ ең көп тараған схемаларының бірі.

Мән – тәуелді өзгергіштікті өлшеу бірлігі, алынған мәліметтерді өндеудің соңғы нәтижелері.

Мәліметтер – хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент нәтижелері.

Нәтижелердің мәнділігі – эксперименттік гипотезаға жауап беретін тәуелді өзгергіштіктің орташа мәндерінің арасынан алынған айырмашылықтардың статистикалық дұрыстығы.

Негізгі әрекет нәтижесі - тәуелсіз өзгергіштіктің тәуелді өзгергіштікке әсерін, күшін сандық көрсету.

Нормалды бөлу - үзіліссіз кездейсоқ шамаларды бөлу.

Нуль – гипотеза - тәуелсіз өзгергіштіктің шарттарының арасындағы айырмашылықтың болмауы жайлы гипотеза.

Өзара әрекет - факторлары экспериментте бөлініп алынған екі немесе бірнеше тәуелсіз өзгергіштіктің арасындағы арақатынаспен шарттанған сандық нәтиже.

Өлшеу көрсеткіштері - сыналушының іс - әрекетінің сандық сипаттамасы, тәуелді өзгергіштіктің мәнін анықтайды.

Өзгергіштік - өзгеретін кез келген болмыс, экспериментте көрінеді және тіркеледі.

Өлшеудің сенімділігі - қайталауда өлшеу нәтижелерінің көшірілуі.

Өлшеудің статистикалық қатесі - өлшенетін көрсеткіштіктердің кездейсоқ өзгерісінің үлесінің / дисперсия / осы көрсеткішті өзгеру жиынтығына қатынасы бойынша /жалпы дисперсия / салыстырмалы үлесі.

Проблема (мәселе)– шешімі талап етілетін күрделі ғылыми немесе практикалық сұрақ

Рефлексия – адамның өз-өзіне, өзінің бейнесіне, ойы мен сезіміне санасының шоғырлануы

Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект

Зерттеу тақырыбы – нақты зерттеуде арнаулы оқып-зерттелінетін сұрақ, проблема аспектісі

Тест – қабылданған бағалау нормаларына сәйкес адам психологиясын қатаң сапалық және сандық анықтауға арналған психологиялық зерттеулердің стандартталынған әдістері

Психологиялық тренинг - адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту мен

Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы

Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдерайма

Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

Статистикалық қорытынды–тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.

Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.

Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.

Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.

Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез – құлқына әсер ететін кез келген болмыс.

Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.

Эксперимент
– жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.


5. КУРС ФОРМАТЫ

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



6. КУРС САЯСАТЫ

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

7. ДӘРІС САБАҚТАРЫ
1- дәріс. Тақырыбы: Арнайы педагогика теориясының жалпы мәселелері. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері. Арнайы педагогика және арнайы білім беру.

Жоспары: 1.Арнайы педагогика жалпы педагогиканың ғылыми саласы  ретінде

2.Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен ұғымдары.

3.Арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратының дамуы, гуманистикалық бағдары.
Лекция мәтіні

Арнайы педагогика жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде

 Арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды.

Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларга: есту қабілеті бүзылган балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалгандар); көру қабілеті бүзылган балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылган, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданган, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданган балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылган) балалар жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тэрбиеленеді. Демек, мүнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық жэне педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі.

Демек, ол дефектологтарга сонымен қатар, бүл мэселелерді шешу көзін табу үшін педагог-психологтарга өте маңызды. Бүл мэселелер мектепке дейінгі, мектеп жасындагы жэне басқа да жас ерекшеліктер педагогикасында кездесетін мэселелердің бірі болып келеді. Ягни, арнайы педагогикадагы бүндай жагдайлар элемдік деңгейде барлық мемлекеттерде кездесетін өзекті мэселелердің бірі болып табылады. Осы мақсатқа сай арнайы педагогика гылымы төмендегідей:

1.  Әр кемістіктің немесе кемтар балалардың ауытқулардың түрлерін, дәрежесін анықтап олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.

2.  Физикалық немесе психологиялық дамудағы ауытқулардың негізгі биологиялық әлеуметтік жэне педагогикалық себептерін анықтап оларды түзету, толықтыру әдістерін қарастыру.

3.  Арнайы мекемелерді қалыптастыру орталықтарын үымдастыру және оларды дамыту бағыттарындағы жүмыстарын негізгі принциптерін таныстыру.

4.  Арнайы түзету, толықтыру жэне дамыту мекеменің негізгі мақсат-міндеттерін айқындау жэне жүмыстарының мазмүнын талдау.

5.  Болашақ дефектолог мамандарын даярлау үшін қажетті ғылыми оқу эдістемелік эдебиеттермен танысып көрнекі қүралдар және тэжрибелік мекемелер жүмыстарына қатысу.

Ғылыми таным саласы ретінде арнайы педагогикалық зерттеу негізіне мүмкіншілігі шектеулі баланы оқыту, тэрбиелеу жэне қалыптастыру мэселелері ашылады.

Әр түрлі кемістігі бар балаларды оқыту мен тэрбиелеу элеуметтік-мэдени, педагогикалық мэселе. Бүл мэселе мүмкіншілігі шектелген балаларды қолдан келгенше қоғам өміріне белсенді, өз беттерінше өмір сүре алатындай етіп дайындау мақсатындағы негізгі сүрақтарды шешуге көмектеседі. Іс-эрекет эр адамның негізгі элеуметтік қызметі, сондықтан арнайы педагогика ғылымы жан-жақты зерттейді.кеміс балалардың элеуметтік өмірге бейімделуіне, қоғамның мэнділігін жэне ережелерін саналы түрде меңгерулеріне, өмір жағдайымен қарапайым еңбек түрлеріне баулуларына, қоршаған ортаға бейімделулеріне септігін тигізеді.

 

2.Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен үғымдары

 Арнайы педагогика - педагогика гылымының бір саласы. Арнайы педагогика өмір сүру эрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірін сүру эрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірін циклін қамтиды. Арнайы педагогика жалпы педагогикалық терминдермен бірге өзіне тэн ғылыми терминалогиясы бар, ол ДМШ- даму мүмкіншілігі шектелген баланың психологиялық ерекшелігін зерттеу және оларды оқыту мен тэрбиелеудің үзақ уақытты процесінде қалыптасады.

Қазіргі арнайы психология негізінен жалпыға бірдей элеуметтік қалыпқа сай сэйкес емес жэне мектептегі білім алу деңгейіне сэйкес емес мэселені зерттейді. Соған орай арнайы психологияның өзіне тән терминдері бар.

 

Арнайы педагогиканың негізгі үғымдары жэне түсініктері:

 Кемтар бала - белгілітэртіппенрасталған,туабіткен,түқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан  тіршілік   етуі   шектелген,   дене   немесе   психикалық  кемістіп бар он сегіз жасқа дейінгі бала;



«қатер» тобындағы бала - ерте қолға алынбағандықтан, элеуметтік жэне медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен дене жэне психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала;

·        Дене кемістігі - ағза дамуының жэне жүмыс істеуінің үзақ уақыт бойы элеуметтік, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылиалы бүзылуы;

·        Психикалық кемістік - адам психикасы дамуының жэне жүмыс істеуінің уақытша немесе түрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бүзылыстардың салдары; эмоциялық- еркі жағынан бүзылыстары; сөйлеу бүзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бүзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі жэне осыған байланысты оқып - үйренудегі өзіндік қиындықтар;

·        Күрделі кемістік - психикалық және дене кемістігінің кез келген үштасуы, яғни физикалық, психологиялық кемістіктін қосылысы.

·        Ауыр кемістік - мектеп білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын жэне оқыту мүмкіндіктері өзіне - өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді жэне қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кэсіби меңгеруімен шектелетін дэрежедегі психикалық жэне дене кемістігі;

·        Медициналық жэне психологиялық-педагогикалық диагностика - эр түрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тэрбиелеудің сайма - сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық - дене дамуын кешенді   сала аралық бағалау;



  • Даму мүмкіншілігі шектелген бала ( ДМШ ) - бүл арнайы оқыту жағдайларсыз оқу білмейтін физиологиялық жэне психологилық ақаулары бар бала

·    Жеткіліксіздік - бүл кінэрэт, ақау ММК-ң дэрігерінің, элеуметтік,экспорттың бекіткен физиологиялық жэне психологиялық ауытқуы

·    Психикалық дамуы тежелген (ПДТ ) - психикасы жэне сөйлеуінің дамуы тежелген. Оқуда қиындық тудыратын баланың уақытша немесе нақты жеткіліксіздігі

·    Физиологиялық кемістік - үзақ уақыттың аурудың салдарынан немесе инфекциялық аурулардан ағза қызметінің дамуындағы ауытқуы.

·    Арнайы білім беру - бүл арнайы оқуда қажет ететін баланың денсаулығына байланысты қүрылған, мектепке дейінгі жалпы жэне кэсіби білім беру

·    Скрининг - «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру

·    Арнаулы түзеу үйымдары - дамуында кемтар болып қалған:

есту   қабілеті   бүзылған   (естімейтін,   нашар   еститш,   кейіннен   саңырау болып   қалған);

көру қабілеті   бүзылған   (көзі   көрмейтін,   нашар   көретін,   кейіннен соқыр болып қалған);

жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бүзылған; сөйлеу қабілеті бүзылған; ақыл - ойы кенжелеп қалған; психикалық дамуы тежелген;

эмоциялық - еркі жағынын жэне мінез - қүлқы бүзылған; күрделі  бүзылыстары бар,  оның   ішінде   соқыр - саңырау болып қалған балаларға арналған үйымдар

·         Кәсіби диагностика - бойындағы психикалық жэне дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кэсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға элеуметтік мүмкіндіктерін анықтау

·         Кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы - баланың соматикалық жай - күйі деңгейінің болжамын, психикалық - дене төзімділігін отбасының элеуметтік инфрақүрылым мүмкіндіктерін ескере отырып оның қажеттіліктерінің қүрылымына, ден қоятын мәселелерінің шеңберіне күштарлықтарының деңгейіне сэйкес баланың түрмыстық, қогамдық, кэсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, педагогикалық, психологиялық жэне элеуметтік іс -шаралар тізбегі

·         Реабилитация - яғни жеке адамның қабілетін жетілдіру жэне медециналық элеуметтік білім берушілік кэсіби білім беру бағытында жүргізілетін жүмыстың кешені. Бүл сөз Абилитация деген сөзден шыққан

·         Абилитация - ауытқуы бар баланың жасырақ кезіндегі, кез-келген қабілеттің алғашқы қалыптасуы деген үғымды білдіреді

·         Коррекция - кеміс балалардың психикалық, физикалық дамуындағы жетіспеушіліктерді жеңілдетуге немесе дүрыстауға, түзетуге бағытталған педагогикалық шаралардың жүйесі

·         Конпенсация - организмдегі жетілмеген немесе бүзылған функционалдық әрекеттерді қалпына келтіру. Бүл  өте   күрделі, үзақ, жан - жақты  роцесс.

·         Деффект - физиологиялық жэне психологиялық ауытқуы немесе бүзылу.

·         Психологиялық дамуы тежелген (ПДТ) - психикалық түрақсыздық, психикасы тежелген.

 

З.Арнайыпедагогиканың(негізгі   түсініктері) үғымдық   апаратының дамуы,гуманистикалық бағдары

Ерте кезде де аномальды балаларға элеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда ¥лы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға эділетсіздікпен қарап келді.

Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың қүлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып -білуі қалай өтеді деген мәселемен шүғылданды.

Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро жэне басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.

А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант жэне Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған.

Организімнің аномальдық түрғыда бүзыл механизмі қандай деген мәселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жүмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым - қатынаста болады? Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде күлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бүзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мүндай мәселелерімен Дарвин жэне жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге білуге үлкен көңіл бөлінуде.

Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан жэне ақыл - ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттілігінен дэрігерлер, физиологтар жэне медицина - биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жүмыс істеуде.

Педагогтар аномальды балаларды оқытудың эр түрлі жүйесін қолданып, бар күш - жігерін жүмсап бақты. Буржуазиялық элем мүндай бастама атаулының барлығына дерлік салқын қарады. Сондықтан да аномальды   балаларды   оқыту   процесі   өте   кеш - XVIII  ғасырдың   соңы

мен XIX ғасырдың басында басталды. Бүл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тэсілі орын алады. Бұлай оқыту мен оны эксперимент түрінде жүргізілген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал капиталистік қоғамда осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан, шіркеулік жэне элденеше мемлекеттік оқу орындары ғана бар болды. Міндетті түрде жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ еді.

Капиталистік дүние аномальды балаларға шын мэнісінде өте эділетсіздікпен қарады. Алайда өмір өз талабы орындатуда. Сондықтан да соңғы 20-30 жылдарда кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі кеңейтілді, осы категориядағы балаларды зерттеу жұмыстарын қолға алынып, көптеген лабораториялар қүрылды. Халықаралық конгрестер мен кеңестер тағы басқа жиі өткізіліп жүрді. Осы жылдарда әлденеше рет мылқаулық жөнінде жэне көрудің бүзылуына байланысты халықаралық конгрестер өткізілді. Бала тілінің бүзылуы жөніндегі 16-Конгреске даярлық жүмыстар жүріп жатты.

Совет қүрылысы аномальды балаларға қатысты капиталистік қүрылыс тудырған бөгеттердің барлығын да жойды. В.И.Ленин 1918 жылдың өзінде - ақ аномальды балаларды тэрбиелеудегі жэне оқудағы барлық шектеулікті жою жөнінде дереке қол қойды. М.И. Калинин 1931 жылы міндет тітүрде жалпығы бірдей оқуды енгізу туралы декретке қол қойды.

Социалистік қоғамның аса ірі қайраткерлері А.В. Луначарский, А.М. Горкий, Н.К. Крупская өз еңбектерінде аномальды балаларды оқыту жэне тэрбиелеу жөнінде элденеше рет мэселе көтерді.

Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқудың мемлекеттік негізі қүрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бүл жүйе бойынша бастауыш білім беретін кластар ғана жүмыс істеп қоймады, сонымен қатар орталау жэне орта білім беретін кластар да жүмыс істейді.

Арнаулы мекемелердің қүрылумен бірге совет дефектологиясы дами берді. Совет дефектологтары алдына аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? - деген басты проблема түрды. Мүндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?

Капиталистік елдердің өкілдері аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады деген мэселе төңірегінде әлденеше идеалистік теориялар үсынды. Буржуазиялық дефектология ғылымы өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тэн болатын: қайсыбір органның бүзылуы қызметі бүзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дүрыс естімеу тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдауына ғана байланысты деді. Қайсы- бір органның немесе жүйенің бүзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысты болады деп жорамалдады. Шын мэнісінде мүның бэрі де элде қайда қиындығы мол мэселе болып шықты. Сондықтан совет дефектологтары алдына аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндетті түрды.

Пэннің негізгі максаты мүмкіндікңтері шектеулі түлғалардың мүмкіндіктеріне деген әртүрлі көзқарастар туралы білімдерін қалыптастыру деп аталады. Сонымен бізге арнайы педагогиканың проблемаларына ықпал ету.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет