Арнайы білім беру жүйесінің тарихи дамуы көрсеткедей арнайы білім беруді ұйымдастырудың экономикалық қайнары шіркеулер тарапынан қайырымдылық көмек көрсету әрекетінен басталған .
Арнайы білім жүйесінін экономикалық даму тарихы білім берудің бұл сферасының неғұрлым қуатты екендігін көрсетеді. Ал, оның экономикалық тиімділігі қалыпты жүйеге қарағанда біршама төмен.
Осыған байланысты арнайы білім беру жүйесін қаржыландырудың ғылыми негізделгені қажет.
Біріншіден бөлінген қаржы шығынсыз тиімді пайдалану үшін екіншіден кемтар тұлғаның қажеттілігін қанағатттандыратындай болуы тиіс. Сөйтіп мамандардың есептеуінше, қаржыландырудың басымдылығын кемтар балаларға ерте көмек көрсету мен мектепке дейін оқыту жүйесіне көшіру неғұрлым экономикалық тиімді болмақ.
Ерте және өз кезегінде көмек көрсету көптеген балалардың жалпы оқыту жүйесіне көшүіне мүмкіндік туғызады. Осыған сай балалардың аздаған бөлігі арнайы мекемелерді қажетсінетін болады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбек нарығына қажеті мамандар жоғары сапалы кәсіби білім беру-экономикалық тиімді болар еді.