Байланысты: 2. Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі
Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізделуі.
Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері ХХ ғасырдың ортасынана дейін шетелде жәнекеңес одағында – да тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия қалаған. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда адам арнайы білім берудің құндылығы-кемістікті түзету арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды.
Бұл контексте арнайы білім берудің құндылығы кемтар адамдардың қоғамға түскен ауыртпашылығы болмас үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған.
Кеңес дәуріндегі арнайы педагогикада (дефектология) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту концепциясы тәрбиелеу туралы совет педагогикасындағы концептуальді негізімен сәтті бірігіп кетті.