ІІ Бөлім
ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА
Ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы. Қазақстан тарихындағы Түркі дәуірі және оның
тарихтағы маңызы. Түркілер мемлекеттілігінің құрылуы. Қоғамдық құрылымы және
шаруашылығы. Қағанаттар дәуірі. Қағанаттардың әлеуметтік-этникалық тарихы.
Қыпшақ хандығы. «Дешті қыпшақ». Қыпшақтардың этникалық тарихының негізгі
кезеңдері. Шығу тегі және ішкі этникалық құрамы, қоныстануы. Қыпшақтардың Орталық Азия
және Оңтүстік-Шығыс Европаның көршілес халықтарымен саяси қарым-қатынасы. Моңғол
жаулап алуына дейінгі кезеңдегі қыпшақтардың қоғамдық құрылысы мен мемлекеттілігік
формасы. Қыпшақтардың қазақ халқының қалыптасуындағы ролі.
Қазақстан Алтын Орда құрамында. Алтын Орданың этникалық-саяси құрылымы және
мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. Алтын Орда мемлекеттеріндегі ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
Тақ үшін талас. Алтын Орданың халықаралық байланыстары. Алтын Орданың Евразиядағы
тарихи оқиғаларға әсері.
XIV-XVғғ. басындағы Қазақстанның саяси дамуы. Ақ Орда. ХҮІ-ХҮ ғғ. Қазақстан
аумағындағы мемлекеттер. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы саяси жағдай, этникалық-
мәдени даму. ХІҮ ғ. Ақ Орда. Ақ Орданың мемлекеттік және әкімшілік құрылысы.
Қазақ хандығының және халқының қалыптасуы: кезеңдері, ерекшеліктері, проблемалар.
Қазақ мемлекеттілігі туралы қазіргі пікір таластар. Жәнібек пен Керей хан ұлысының Жетісуға
көшіп келуі (1459). Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы. Жәнібек пен Керей билігінің өзбек-қазақ
ұлысында беки түсуі.
Қазақ халқының құрамына енген этникалық компоненттер. Мырза (Мұхаммед) Хайдар
Дулатидың (1500-1551) «Тарихи Рашидиі» Қазақ хандығының ерте тарихы жөнінде. Тарихи
әдебиеттегі «қазақ» этнонимі. Өтеміш қажының «шыңғыс-наме» шығармасы қазақ халқының
қалыптасуы тарихын зерттеудегі негізгі дерек.
Тәуке хан басқарған дәуірдегіқазақ хандығының нығаюы. Тәуке ханның заңдары (1680-
1715). «Жеті Жарғы». Тәуке хан тұсында билердің ықпалының күшеюі. Тәуке ханның үш жүзді
біріктіру әрекеті. Қазақстанның Орта Азия, Сібір хандықтарымен қарым-қатынасы. Қазақстанның
Ресеймен дипломатиялық байланыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |