Арнайы зерттеулерге мәйіттен материалдар алу әдістемесі



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,63 Kb.
#123399
1   2   3   4
Байланысты:
Акниет Нысанбаева

Бактериологиялық, вирусологиялық зерттеулер инфекциялық аурулардан қайтыс болғандарға қорытынды диагноз қоюда маңызды. Бұл әдістер инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық өршуі мен клинико-эпидемиологиялық мәліметтердің жеткіліксіздігінде, нақты әрі тез эпидемияға қарсы шаралар диагностикасы қажет уақытта қолданылады. Инфекциялық аурулардан өлген мәйітті жару барысында патологанатомнан басқа дәрігер-инфекционист, бактерилог-маман қатысуы қажет, олар мәйіттен қажет бактерилогиялық, вирусологиялық материалдар алып, секционды столда сәйкес ортаға егу жүргізеді.
Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеуге алынған материал науқастың өлімінен кейін ерте уақытта алу қажет. Науқас өлгеннен 24-48 сағ өткеннен кейін алынған материал нақты әрі сенімді нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бактериологиялық зерттеуге егу материал 10 градустан жоғары температурада қанға және органдарға іріңді микроптардың түсуі мен патогенді микроптардың өліміне әкеледі. Бактериологиялық зерттеу мәйітті толық зерттеу жүргізгенде нәтиже болады, тек қанды немесе 1 ағзаны зерттеумен шектелуге болмайды. Мыс, сібір жарасына күмән болғанда зерттеу материалын тек лимфа түйінінен емес, қаннан, қан ұйындыларынан, көкбауыр, бауырдан,сүйек миынан да алыну керек. Ағзалар мен тіндер бөлшектері 3*3*3см кем болмауы қажет.
Қанды бактериологиялық зерттеуге жүректен және перифериялық қантамырлардан бір мезетте алады.Перифериялық қантамырлардың ішінде негізінен шынтақ және сан веналарын пайдаланады.Жүректен қанды негізінен бассүйек ашып, ми шығарылмастан бұрын алады, және де төссүйекті алып жатқан кезде мойын мен көкірекаралықтың ірі веналарын зақымдап алмау керек Себебі, бұл жағдайда жүректің оң жақ қуысына құрамында бөтен бактериялары бар ауа енуі мүмкін.
Ал егерде бассүйек қуысы ашылып қойылған болса, онда жүрек қуысынан қанды алмай-ақ қойып , тек қана перифериялық ірі қантамырлардан қанды алу керек. Егу жасау үшін 5-10 мл қан алу жеткілікті. Ол қанның жартысы (бруцеллез, туляремия, іш сүзегі , сифилис, вурустық ауруларды) маңызды серологиялық зерттеулерді жүргізуге қолданады.
Қанды шынтақ немесе сан веналарынан алу үшін мәйіттін шынтақ қыртысын немесе санның ішкі бетін бірінші йод ерітіндісімен , кейіннен спиртпен молынан сүртіп , скальпель көмегімен көктамыр аймағында тілік жасайды.Ал екінші стерильді скальпельмен солкөктамырдын өзін кесіп, қанды стерильді пипеткамен немесе шприцпен қажетті мөлшерде қан жинаймыз. Егер қан венадан қажетті мөлшерде ағып шықпаса , ол кезде қолмен мәйіттің қол басынан шынтаққа қарай төменнен жоғары массаж жасап қан ағысын жоғарылатамыз.
Бактериологиялық зерттеуде тексерілетін материалдың себуін агарға өсу ынталандырушыларын (қан, натрий сульфиті) қосумен атқарылады. Бактериофагтың болуына күмән туғанда себінділерді фагқа қарсы сарысумен өңдейді.

Бактериологиялық зерттеудің жеделдетілген тәсілдерінде зерттелетін материалға бактериофаг қосылып, негізгі практикалық маңызы бар нысандарда: науқастың материалы, мәйіттен, сыртқы ортадан алынған материалды тексеруге қолданады.


Сүйек кемігін жалпақ сүйектерден (төс, қабырға) қысқыштардың көмегімен қысып, сүйек бетін отпен залалсыздандырып барып алынады.
Қуықтан алынатын материал алдымен қуық қабырғасы күйдіріліп, 1-2мл көлемде стерильді пипеткамен ішек инфекцияларын анықтау мақсатында алынады.
Мәйітті жарған кезде ішкі ағзаларынан тінді және қуыстардан патологиялық сұйықтарды (экссудат, ірің,қан) ішкі органдарды сыртқа шығармастан бұрын бактериологиялық зерттеуге бір мезетте алдын-ала алынады. Мысалы, бассүйекті ашқан кезде , мидың қатты қабатын кескеннен кейінмидың жұмсақ қабатының беткейінен тінді экссудатқа сіңген- сіңбегенін анықтайды.
Зерттеу нәтижелірінің дұрыс болуы үшін тіндік материалдын стерильдігі және жасалынған егулердің стерильді болуы маңызды.Ал ең дұрысы, бактериоскопияны мәйітті жару үстінде жасау болып табылады. Және де қосымша бактериоскопиямен бірге материалдарды микробиологиялық лабораторияға жіберу нәтижелі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет