3. Бензолдың физикалық қасиеті
Бензолдың гомологтық қатарының төменгі өкілдері, негізінен сұйықтық болады. Оның молекулалық массасы өскен сайын қайнау температурасы да, артады, орта-изомерлер, әдетте, пара-изомерлерге қарағанда жоғары температурада қайнайды.
Бензолдың қайнау температурасы (80,10С) гексанның қайнау температурасынан (68,80С) жоғары.
Симметриялы құрылысты изомерлердің балқу температурасы жоғарырақ болып келеді. Екі орынбасарлары изомерлердің ішінде-пара-изомер ең жоғары температурада балқиды.
Май қатары мен алициклді қатар көмірсутектерден тығыздығы және жарық сындыру көрсеткіштері анағұрлым жоғары.
Бензол қатарындағы ароматты көмірсутектер судан жеңіл, суда ерімейді, ал көптеген органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Олардың буымен ұзақ уақыт тыныс алғанда адам уланады.
Достарыңызбен бөлісу: |