"Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық



бет2/4
Дата08.08.2022
өлшемі52,96 Kb.
#147990
1   2   3   4
Байланысты:
135 на каз языке

1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді жәнеқарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) вакцинамен ассоциацияланған паралитикалық полиомиелит (бұдан әрі – ВАПП) – вакцинадан алынған полиомиелит вирусы бөлінген, ауыз арқылы қабылданатын полиомиелиттік тірі вакцинаны (бұдан әрі – АПВ) қабылдағаннан кейін төртінші күннен ерте емес және отызыншы күннен кешікпей пайда болған қалдық көріністері бар жіті енжар жұлын параличі жағдайы;
2) гемофильдік инфекция – Haemophilus influenzae В–В типінің гемофильдік таяқшасымен негізделген ауа-тамшы арқылы берілетін, клиникалық көріністердің көптүрлілігімен, тыныс алу ағзаларының, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен және әртүрлі ағзаларда іріңді ошақтардың дамуымен сипатталатын антропонозды жіті инфекциялық ауру;
3) Гийена-Барре синдромы – енжар парездермен, сезімталдықтың, вегетативтік бұзылыстары байқалатын жіті аутоиммундық қабыну полирадикулоневропатиясы;
4) дифтерия – ауа-тамшы жолы арқылы берілетін,айқын интоксикациямен және мұрын жұтқыншағы, көмей, кеңірдек, мұрындағы фиброзды-қабыну процесі көріністерімен сипатталатын, көбінесе ауыр асқынулар (күркілдек, миокардит және басқалары) туғызатын антропоноздық жіті респираторлық инфекция;
5) жіті енжар паралич (бұдан әрі – ЖЕП) – Гиейна-Барре синдромын коса алғанда 15 жасқа дейін балада болатын кез келген жіті енжар паралич жағдайы немесе полиомиелитке күдіктену кезінде жасына қарамастан кез келген паралитикалық ауру;
6) инкубациялық кезең – қоздырғыштың организмге ену уақытынан бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт аралығы;
7) көкжөтел – интоксикация көріністерімен сипатталатын, өзіне тән қалшылдаған жөтел және құсу ұстамалары болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральдық көріністерімен қоса жүретін, ауа-тамшы жолы арқылы берілетін антропонозды жіті респираторлық бактериялық инфекция;
8) қызамық – лимфа түйіндерінің, әсіресе желке және артқы мойынның лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, макуло-папулездік бөртпемен және орташа интоксикациямен сипатталатын, ауа-тамшы жолы арқылы берілетін антропоноздық жіті респираторлық вирустық инфекция;
9) қызылша – қоздырғышы ауа-тамшы жолы арқылы берілетін, қызбамен, интоксикациямен, дақты-папулалық бөртпенің кезеңді пайда болуымен, энантемамен, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталатын антропоноздық жіті жоғары контагиоздық респираторлық вирустық инфекция;
10) моновакцина – микроорганизмдердің бір түрінің немесе серологиялық нұсқасының негізінде жасалған вакцина;
11) паротит – ауа-тамшы жолы арқылы берілетін, жалпы интоксикациямен, бір немесе екі сілекей бездерінің ұлғаюымен, бездік ағзалар мен жүйке жүйесінің жиі зақымдануымен сипатталатын антропонозды жіті респираторлық вирустық инфекция;
12) пневмококк инфекциялары – ауа-тамшы жолы арқылы берілетін, әртүрлі клиникалық көріністермен, көбінесе өкпенің, ми қабығының зақымдануымен сипатталатын, пневмококктар (Streptoccus pneumoniae) себеп болатын антропонозды инфекциялық аурулар тобы;
13) полиомиелит – жұлынның сұрғылт тінінің полиовируспен зақымдануы себеп болған және қайтымсыз параличтерге әкелетін басым түрде жүйке жүйесінің патологиясымен сипатталатын, нәжіс-ауыз арқылы берілетін жіті жоғары контагиозды инфекциялық ауру;
14) полиомиелиттің немесе жіті енжар параличтің кезек күттірмейтін жағдайы – полиомиелитке қарсы профилактикалық егулер туралы мәліметтері жоқ және/немесе полиомиелитке қарсы вакцинацияның толық курсын алмаған (3 профилактикалық егуден кем) жіті енжар паралич көріністері бар науқас және/немесе полиомиелит бойынша қолайсыз елдерден/аумақтардан және/немесе қоныс аударушылар отбасынан, халықтың қоныс аударатын тобынан келген адам, жас ерекшелігіне қарамастан полиомиелитке күдікті адам;
15) сіреспе – орталық жүйке жүйесінің белгілі бір құрылымдарының зақымдануымен ауыр ағыммен сипатталатын, қаңқа бұлшықетінің тоникалық кернеуімен және генерализацияланған құрысуымен байқалатын, қоздырғыш жанасу арқылы берілетін антропонозды жіті инфекциялық ауру;
16) шұғыл вакцинациялау – эпидемиологиялық айғақтар бойынша профилактикалық егулер жүргізу.
3. Инфекциялық аурумен ауыратын немесе оған күдікті адамдарды анықтау амбулаториялық және стационариялық қабылдау кезінде, медициналық тексеру, диспансерлеу кезінде жүргізіледі.
4. Науқас анықталған жердегі медициналық ұйым ауру (ауруға күдік) жағдайларының толыққандылығын, дұрыстығын және уақтылы тіркеуді және есепке алуды, сондай-ақ олар туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін жедел және толық хабардар етуді қамтамасыз етеді.
5. Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулардың әрбір жағдайы Кодекстің 7-1-бабының 2) тармақшасына және 151-бабының 2-тармағына сәйкес эпидемиологиялық тергеп-тексеруге жатады.
6. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру кезінде инфекциялық аурудың инкубациялық кезеңі ішінде тұру, жұмыс, оқу орны,ауырған адамның болатын жері бойынша науқаспен байланыста болған адамдар (бұдан әрі – байланыста болған адамдар) тобы анықталады.
7. Байланыста болған адамдар аурудың белгілері мен белгілерінің болуына клиникалық тексеруден өтеді және инкубациялық кезең мерзіміне күнделікті медициналық бақылауда болады. Бұдан басқа, олардың егу және эпидемиологиялық анамнезі нақтыланады.
8. Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің тиісті қаулысы негізінде халықты қосымша вакцинациялау ұйымдастырылады.
2-тарау. Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Дифтериямен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
9. Дифтерия жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру кезінде:
1) егу мәртебесін анықтаумен байланыста болған адамдардың ортасын айқындау. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен (бұдан әрі – № 2295 Қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егу жүргізетін мерзімде егілмеген және алған профилактикалық егу туралы құжаттық растамасы жоқ адамдарға, сондай-ақ дифтерияға қарсы соңғы профилактикалық егуден кейін 10 жыл және одан астам уақыт өткен адамдарға науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттың ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация жүргізіледі;
2) науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде байланыста болған адамдарды медициналық байқау жүргізіледі. Бақылаудың бірінші күні дифтерияға бактериологиялық зерттеу үшін байланыста болған адамдардан мұрын мен аңқадан, тері зақымдануларынан жұғындылар алынады және бактериологиялық зерттеу нәтижелерін күтпестен антибиотиктермен профилактикалық емдеу жүргізіледі;
3) науқасты емдеуге жатқызғаннан (оқшаулағаннан) кейін ошақта қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
10. Дифтериямен ауыратын науқастар стационарда оқшаулауға жатады.
11. Дифтериямен ауыратын науқастарды ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан және бактериологиялық зерттеулердің екі рет теріс нәтижесінен кейін жүзеге асырылады. Науқасты антибиотиктерді қабылдау курсы аяқталғаннан кейін 3 күннен кейін 1-2 күн аралығымен тексереді.
12. Дифтериямен ауырып жазылған адамдарды вакцинациялау мынадай жолмен жүргізіледі:
ауырып жазылған ауру бір реттік вакцинациялау ретінде бағаланады, бұдан әрі вакцинациялау жасы есепке алына отырып, № 2295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егуді жүргізу мерзімде жүргізіледі;
дифтерияға қарсы толық егілген және дифтерияның жеңіл түрімен ауырып жазылған адамдар қосымша егілуге жатпайды. Кезекті вакцинациялау № 2295 қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егуді жүргізу мерзімінде 2 айдан кейін жүргізіледі;
дифтерияға қарсы толық егілген және дифтерияның уытты түрімен ауырып жазылған адамдар науқастанғаннан кейін 6 айдан кейін жасына қарай қосымша егіледі; кейінгі профилактикалық егулер № 2295 қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егуді жүргізу мерзімде жүргізіледі.
Дифтериямен ауырып жазылған адамдарды ұйымдастырылған балалар ұжымдарына жіберу толық сауыққан кезде және бактериологиялық зерттеулердің екі теріс нәтижесі болған кезде, шоғырланған түрі кезінде 2-3 аптадан кейін, асқынған кезде - 4-8 аптадан кейін жүзеге асырылады.
13. Кейінгі асқынуларды анықтау мақсатында оңалту іс-шараларын апта сайын бір ай ішінде, одан әрі ай сайын кардиологты, невропатологты, ЛОР-дәрігерін тарта отырып (көрсеткіштері бойынша) учаскелік дәрігер жүргізеді. Диспансерлеу мерзімдері дифтерияның түрінің клиникалық ауырлық дәрежесімен және асқынудың болуымен айқындалады. Дифтерияның оқшауланған түрімен ауыратын адамдар 6 ай, асқынулар болған жағдайда – бір жыл бақыланады.
14. Диагностикалық мақсатта ларингит, патологиялық өңезі бар тонзиллит, назофарингитпен ауыратын науқастар медициналық ұйымға жүгінген күні дифтерияға бір рет тексеріп-қарауға жатады.
Алдын алу мақсатында балалар үйлеріне, балалар және ересектер психоневрологиялық стационарларға жаңадан түсетін адамдар дифтерияға бір рет тексеріп-қарауға жатады.
15. Анықталған дифтерияның уыттекті штамдарын тасушылар емделу үшін стационарда оқшауланады және бактериялық бөліндінің болмауын растау мақсатында емдеу курсы аяқталған соң 2 тәуліктен кейін бактериялогиялық әдіспен қайта тексеріп-қаралады.
2-параграф. Сіреспемен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
16. Сіреспеге қарсы шұғыл вакцинациялау жүргізіледі. Сіреспенің шұғыл вакцинациясына көрсетілімге мына жағдайлар саналады:
1) тері қабаттары мен сілемейлі қабықтарының тұтастығы бұзылған жарақаттар, жараланулар;
2) үсу және екінші, үшінші және төртінші дәрежелі күйіктер;
3) ауруханадан тыс түсіктер;
4) медициналық ұйымнан тыс босану;
5) медициналық ұйымнан тыс туылу;
6) гангрена немесе кез келген типті тіндердің некрозы;
7) жануарлардың тістеуі;
8) асқазан-ішек жолына енетін зақымданулар.
17. Сіреспеге қарсы шұғыл вакцинациялау осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Сіреспеге қарсы шұғыл вакцинациялау үшін құрамында АбКДС бар вакцина, АДС-М, сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині (бұдан әрі- СҚАИ), сіреспеге қарсы сарысу (бұдан әрі – СҚС) пайдаланылады.
Сіреспенің шұғыл алдын алу бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар СҚАИ мен СҚС-тың азаймайтын қорымен қамтамасыз етіледі.
3-параграф. Полиомиелитпен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
18. Полиомиелитті эпидемиологиялық қадағалаудың сезімталдығын арттыру мақсатында ЖЕП-ті анықтау және диагностикалау жүргізіледі.
19. Полиомиелитке немесе ЖЕП-ке күдікті науқас анықталған кезде:
1) осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 1-бөліміне сәйкес полиомиелит немесе жіті енжар паралич жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеру нысаны бойынша әрбір жағдайға эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіледі;
2) облыстық деңгейде аурудың әрбір жағдайына сәйкестендіруші эпидемиологиялық нөмірі беріледі;
3) зертханалық вирусологиялық зерттеу үшін көлемі 8-10 грамм көлемінде нәжістің екі сынамасын 24-48 сағат аралықпен алу жүргізіледі. Сынамалар мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ парез немесе паралич басталғаннан 14 күннен кешіктірілмей алынады және екінші сынама алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде полиомиелит диагностикасы жөніндегі вирустық инфекциялар бойынша референс-зертханаға жеткізіледі.
4) полиомиелитке, оның ішінде ВАПП күдіктенген кезде науқастан жұптық қан сарысуын алу жүргізіледі; бірінші сарысуды науқас стационарға түскен кезде, екіншісін – бірінші сынамадан кейін 2-3 аптадан соң алады;
5) байланыста болған адамдарды ауру белгілерінің болуына клиникалық тексеріп-қарау, үй ошағында 5 жасқа дейінгі барлық балаларды және ұйымдастырылған ошақта әрбір бесінші баланы зертханалық тексеру жүргізіледі.
20. Меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар ЖЕП-ті белсенді эпидемиологиялық қадағалау жүргізу мақсатында ай сайын есепті кезеңнің келесі айының 1-ші күніне қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымға жүгінген 15 жасқа дейінгі балалар арасындағы ЖЕП жағдайлары туралы ақпарат ұсынады.
21. Полиомиелитке немесе ЖЕП-ке күдікті науқастар емдеуге жатқызылады.
22. Полиомиелиттің немесе ЖЕП-тің кезек күттірмейтін жағдайы тіркелген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген полиомиелит жөнінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
23. Қалдық параличтерді анықтау мақсатында полиомиелитпен немесе ЖЕП-пен ауыратын науқасты тексеріп-қарау және зертханалық зерттеу үшін нәжіс сынамасын (қалдық паралич болған жағдайда) алу парез немесе паралич басталғаннан бастап 60 және 90 күннен кейін осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 2-бөліміне сәйкес полиомиелит немесе жіті паралич жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеру нысаны бойынша жүргізіледі.
24. Полиомиелитке иммунитеттің жай-күйін тексеріп-қарауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымдарының вирусологиялық зертханалары жүргізеді.
25. Қоршаған орта объектілерінен (сарқынды сулар) және адамдардан (ЖЕП-пен ауыратын науқастар, тәуекел топтары, дені сау адамдар) материалдарды зерттеу жолымен вирусологиялық әдіспен полиомиелит вирусының циркуляциясына бақылау жүргізіледі.
26. ЖЕП-ті эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау сапасын бағалау осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ЖЕП-ті эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау сапасының индикаторлық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
4-параграф. Көкжөтелмен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
27. Соматикалық стационарларда, балалар үйлерінде, мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру ұйымдарында, ашық және жабық типтегі арнайы оқу-тәрбие ұйымдарында, балалардың демалу және оларды сауықтыру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда анықталған көкжөтелмен ауыратын науқастар ауру басталғаннан бастап 25 күн мерзімге оқшаулауға жатады.
28. Соматикалық стационарларда, балалар үйлерінде, мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру ұйымдарында, ашық және жабық типтегі арнайы оқу-тәрбие ұйымдарында, балалардың демалу және оларды сауықтыру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда анықталған көкжөтелдің бактериясын таратушылар көкжөтелге бактериологиялық зерттеудің екі теріс нәтижелері алынғанға дейін оқшаулауға жатады.
29. Клиникалық (ауырлық өлшемшарттарын ескере отырып) және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың балалары және айналасында жасы бойынша егілмеген балалар болған жағдайда) көкжөтелмен ауырған науқастар емдеуге жатқызылады.
30. Көкжөтелмен ауыратын науқастарды және көкжөтелдің бактериясын таратушыларды ерте анықтау және аурудың таралуының алдын алу мақсатында:
1) байланыста болған адамдарды бір рет бактериологиялық тексеру;
2) мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру ұйымдарында, ашық және жабық типтегі арнайы оқу-тәрбие ұйымдарында, балалардың демалу және сауықтыру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, балалар үйлерінде, балаларға арналған санаторийлерде, балалар ауруханаларында, перинаталдық орталықтарда, перзентханаларда (бөлімшелерінде) жұмыс істейтін, тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша көкжөтелмен ауыратын науқастармен байланыста болған ересектерді, жөтелі бар болған жағдайда көкжөтелге бактериологиялық зерттеудің екі теріс нәтижесін алған соң кейіннен жұмысқа рұқсат бере отырып, жұмыстан шеттету;
3) көкжөтелмен ауыратын науқаспен байланыста болған 14 жасқа дейінгі балаларда жөтел болған жағдайда, егу анамнезіне қарамастан, кейіннен көкжөтелге бактериологиялық зерттеудің екі теріс нәтижесін алғаннан кейін балалар ұжымына жіберіле отырып, білім беру объектілеріне барудан шеттету.
31. Ошақтарда байланыста болған адамдарды медициналық байқау науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде жүргізіледі.
32. Балалар үйінің, жалпы білім беретін ұйымдардың, ашық және жабық типтегі арнайы оқу-тәрбие ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ұйымдары бар балалар үйінің көкжөтелмен ауырып жазылған балаларды шығару көкжөтелге бактериологиялық зерттеулердің екі теріс нәтижесі бар болған кезде жүзеге асырылады.
Көкжөтелмен ауырып жазылған адамдар жасына ерекшелігіне сәйкес № 2295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық егуді жүргізу мерзімінде егіледі.
5-параграф. Қызылшамен, қызамықпен, паротитпен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
33. Қызылша, қызамық және паротит жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру кезінде:
1) байланыста болған адамдардың егу мәртебесін анықтау;
2) осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қызылшамен және қызамықпен ауыратын науқастардан алынған материалды зертханалық зерттеу;
3) науқаспен байланыста болған адамдарды аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 21 тәулік бойы күнделікті медициналық байқау;
4) аурудың басқа күдікті жағдайларын белсенді іздеу.
34. Қызылшамен және қызамықпен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі және паротитпен ауыратын адамммен тығыз байланыста болған 25 жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші профилактикалық егуі жоқ адамдарға, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакцинамен,ол болмаған кезде құрама вакцинамен шұғыл вакцинациялау жүргізіледі. Шұғыл вакцинациялау науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
35. Ұйымдастырылған ұжымда паротит жағдайлары тіркелген кезде, егер осы инфекцияға қарсы егілген 18 жасқа дейінгі балаларда екінші екпеден кейін 7 жылдан астам уақыт өтсе, оларға бір рет вакцинациялау жүргізіледі.
36. Қызамық ошақтарында болған жүкті әйелдер нәрестелердің туа біткен ауруларының алдын алу тәсілін анықтау үшін медициналық байқауға және зертханалық тексеруге жатады.
Егер жүкті әйелде алғашқы тексеру кезінде қызамық қоздырғышына G спецификалық иммуноглобулині бір миллилитрге 25 халықаралық бірлік және одан жоғары шоғырлануы (титрдегі)(М иммуноглобулиндері болмаған кезде) анықталса, онда оған одан әрі медициналық байқау жүргізілмейді.
Егер қызамыққа антиденелер (G иммуноглобулиндері және M иммуноглобулиндері) анықталмаса, онда жүкті әйелдің қызамықпен ауыратын науқаспен жанасуын жоққа шығарады, жүкті әйелге медициналық байқау жүргізіп, 2 аптадан кейін тексеруді қайталайды. Қайта зерттеу нәтижесі теріс болған жағдайда 2 аптадан кейін жүкті әйелге медициналық байқауды жалғастыра отырып, үшінші серологиялық тексеру жүргізіледі. Егер үшінші тексеру кезінде антиденелер анықталмаса, байқау тоқтатылады.
Егер жүкті әйелде бірінші тексеру кезінде қызамық қоздырғышына М спецификалық иммуноглобулиндер табылса, жүкті әйел ұрықта туа біткен патологиясы қаупі бар екендігі туралы ескертіледі. Алғашқы тексеруден кейін 2 аптадан кейін қайтадан зертханалық тексеріп-қарау жүргізіледі.
Қызамық диагнозы расталған кезде жүктілікті тоқтату туралы мәселе жеке шешіледі.
37. Қызылшаны, қызамықты және паротитті эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау сапасын бағалау осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қызылшаны, қызамықты және паротитті эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау сапасының индикаторлық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
6-параграф. Пневмококк және гемофильдік инфекциямен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
38. Пневмококк немесе гемофильдік инфекциялармен ауыратын науқасты емдеуге жатқызу клиникалық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. Менингитпен ауыратын немесе менингитке күдікті науқастар инфекциялық стационарға немесе стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелері мен бокстарына жатқызылады. Пневмококк және гемофильдік инфекциялардың пневмония және аурудың басқа да клиникалық нысандары бар науқастар аурудың ауырлығына байланысты емдеуге жатқызылады.
39. Ұжымда жіті респираторлық аурулармен, отиттермен, назофарингиттермен, гаймориттермен ауыратын адамдар үйлеріне оқшауланады және толық сауыққанға дейін балалар ұжымдарына баруғарұқсат берілмейді. Көрсетілген аурулармен ауыратын ересек адамдарды сауыққанға дейін балалар ұжымдарында жұмыстан шеттетеді.
40. Перинаталдық орталықтарда, перзентханаларда (бөлімшелерінде) науқастармен байланыста болған жаңа туған балалар оқшауланады. Мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен балалар үйлерінде 5 жастан кіші балаларды қамтитын топтарда пневмококк немесе гемофильдік инфекциялармен ауыратын науқасты оқшаулаған сәттен бастап он күн ішінде жаңа немесе уақытша болмаған балаларды қабылдау, сондай-ақ балалар мен персоналды басқа топтарға ауыстыру жүргізілмейді.
41. Пневмококк және гемофильдік инфекция ошағында дезинфекциялау іс-шаралары жүргізілмейді.


"Қарсы профилактикалық
егулер жүргізілетін
инфекциялық аурулармен
ауыратын науқастарға қатысты
санитариялық-эпидемияға қарсы
және санитариялық-
профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және өткізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет