Қартаю- барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю-онтогенез қорытындысы,ағзада ерекше құрылымдық ,қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.
Герантология(гр.geron-шал) деп атайды. қартаю құбылысының негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейінде анықтайды.
Қазіргі биологияда қартаю процесі ең маңызды және қызықты мәселенің бірі болып саналады.Бұл процестің барлығын қызықтыруына да бірнеше факторлар бар.
1)Генетикалық ақпараттың берілуі,жасушаның механизмі мен функциясы,ақуыз синтезі,ағзадағы зат алмасу процесінің заңдылығының ашылуы.
2)Кейбір дамыған елдердегі жасы үлкен адамдардың көбеюі,соның сал дарынан жастар үлесі қарт адамдардан азайып,экономикалық,социологиялық мәселелерге алып келіп жатқаны
3)Адамның жасы үлкейген сайын түрлі аурулардың көбейіп,ағзаның патологияға бейім болуы.