Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде


Психотерапиялық ертегілердің функциялары



бет31/54
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#87339
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Байланысты:
Диплом Арт-терапия

Психотерапиялық ертегілердің функциялары:



  • ертегі клиенттің жеке өмірлік тарихындағы олқылық жағдайларды жалпы адами ақпараттармен толықтырады;

  • ертегі қарым-қатынас пен мінез-құлықтың конструктивті моделін жасай отырып, болып жатқан жағдайды сезінудің жаңа деңгейіне өткізе отырып, оған жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • ертегі клиенттің ішкі қарама-қайшылықтарын көрсетіп отырады және сол туралы ойлануға көмегін тигізеді;

  • ертегі клиенттің жеке өміріндегі жағымсыз сәттерді ығыстырып шығаруға мүмкіндік береді;

  • ертегі клиент пен ертегі терапевті арасындағы символдық “буфер” болып табылады.Осының әсерінен клиенттің іштей қарсыласуын бәсеңдетіп, барлық күшін ойлануға бағыттайды;

  • ертегі өмірлік әртүрлі мәндегі жағдайларды қабылдаудың альтернативті (балама) концепциясы;

  • ертегі көптеген проблемеларды жағымды жаққа қарай шешуге сенімділікті қалыптастырады.

Ересек адамдардың ертегі терапиясына бірден дайын бола алмайтынын естен шығармау керек. Психотерапиялық ертегілерді қолдануда негізгі үш нәрсені естен шығарып алмау керек:

  • орындылық;

  • шынайылық;

  • мөлшерлілік.

Психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ондай болмаған жағдайда, балық идея бұрмаланып кетуі мүмкін. Психотерапиялық ертегілерді айтып беру, бұл, клиент пен терапевт арасындағы “арақашықтықты” жақындатады.Осыған орай ертегі терапиясын жүргізуші терапевттен ашық-жарқындылық пен шынайы келбет танытуы талап етіледі.
Ертегі терапиясының құрамды бөліктерінің біріне – ойын арқылы терапия жүргізу жатады. Осыған жете тоқталып кетер болсақ, көптеген ғасырлар бойы әдебиеттанушылар, фольклоршылар, психологтар және педагогтар ойынның ұлы құпиялы жақтарын ашып-білуге ұмтылуда. Солардың еңбектері мен зерттеу жұмыстарының арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымы ойынды баланың әмбебап және ажырамас бөлігі мен меншігі деп жариялады.
Ойын халықтық педагогиканың басты ережелерінің бірі болып табылады. Ол баланы болашақ өмірге дайындаудың негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі болып табылады. Ойын баланың рухани жан дүниесін байытады және өмірдің құндылығын түсіндіреді. Өмірде жасалып отыратын әртүрлі іс-әрекеттерге көзқарасын қалыптастырады.
Ойын терапиясы - бала мен ересек адам арасындағы біріккен іс-әрекет түрі болып табылады. Осы іс-әрекеттер арқылы адамның ішкі “Мені” құрылып, нығаяды. Сонымен қатар, адамның қазіргі өмір сүріп отырған уақыты мен болашақ өмірінің моделі құрылады. Бұл ойында берілген өмірдің маңызды бір жағдайын ойнап, бастан кешірумен тығыз байланысты болады.
Ойын терапиясының ертегімен жүргізілетін негізгі бір түрінде ертегі оқылады немесе өсиет-нама ретінде айтылып беріледі. Ертегі формасындағы ойын баланың ойынға белсенділігін арттырады.
Жай ғана ойын терапиясын ғажайып, ертегі формасындағы ойынға айналдырудың екі формасы бар.

  1. Ойындағы барлық нұсқауларды ертегіге немесе өсите-намаға айналдыру.

  2. Ойын ертегіге байланысты ойдан шығарылады. Жұмыстың мақсаты мен тәрбиеленушілердің проблемаларына байланысты ертегілер іріктеп алынады және соған негізделе отырып ойынның қойылымы құрылады.

Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет