60
Суретін мен саламын.
Төсіне кең даланың,
Зәулем үйлер қаладым.
Ең биікке қадаймын,
Бейбітшілік жалауын.
Бұл шығармада балалардың Отанға деген ұлтжандылық сезімі оянып,
зәулім үйлердің суреттерін ерекше құштарлықпен салады және тілдері
дамып, саусақ және қол бұлшықеттері дамиды.
Дидактикалық ойындары бейнелеу оқу қызметінде пайдалану
балалардың білімдерін бекітуге қолданамыз. Мысалы: «Жылы және суық»
ойынында балалар жылы және суық түстер арқылы алған білімдерін бекітеді.
«Ғажайып кілемше» ойынында түрлі сызықтар мен ою- өрнектер туралы
білімдері тиянақталса, «Кемпірқосақ» ойынында түстерді сезіне біледі және
бейнені түсіне қарай таңдау, ажыратуды үйренеді.Бейнелеу оқу қызметінде
сергіту сәттерін қолданудың маңызы ерекше. Себебі балалар қозғалмай бір
әрекетпен айналысқан кезде тез шаршайды. Балаларды бір орында ұзақ уақыт
отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп, оқу қызметінде ойын түрінде
ұйымдастыруға болады.
Педагогтар оқу іс-әрекетінде балалармен жеке жұмыс істеу кезінде
өздері қолданатын ТРИЗ технологиясын жарқын, әсерлі, қызықты құрал
ретінде
қолдануы
қажет.Оқу
іс-әрекетін
ТРИЗ
элементтерімен
ықпалдастырып өткізу баланың шығармашылық, қиял, шеберлік қасиеттерін
қалыптастырады.
Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық
кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық
бағытының дамуымен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі балалардың есте
сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар
затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осы орайды, «Егер айтып
берсең, ұмытамын. Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын. Егер еліктіре
тартсаң, расымен, ұмытпаймын» деген ежелгі қытай ойшылы, философ
Конфуцидің нақыл сөзі барша балақандардың тәрбиешіге жолдауы деп
айтуға болады.ТРИЗ логикалық ойлаудың негізіндегі шығармашылық
тапсырмаларды шешудегі дәл ғылым болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: