Абай Құнанбаев(1858-19040)
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді
алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге –деп жастарды білім– ғылымды меңгеруге шақырды.
Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез–құлқын ғана сынамайды,қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып келеді. Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз: 1.Әлеумет өміріне, замана көзқарасы.
Өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы.
Жеке адамның мінез – құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан бағалауы...
Абайды қайғыға салған өз басының қамы емес, айналадағы өмірдің ащы шындығы, кем-кетігі, қайшылықтары.
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені-батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, сезіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі. Асықтық та- жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп, ескеріп жүрген кісі өзі де есті, болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерін ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады».
Адамның басшысы-ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы- сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық.
«Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.
Адамда негізі екі қасиет болуы тиіс Адалдық пен Махаббат... Махаббат пен құштарлық екі басқа
Махаббатпен жаратқан адамзатты
Адамның жақсысы- адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.
Ақыл–ой мен білім сақтайтын қоржын–ол адам мінезі. Ондай сенімді қоржынсыз адамның оқуынан ешқандай пайда болмайды.»
Қазақ Рухының иновациясы мен технологиясын жасайтын да, оны айқындайтын да- Ұлттық Тәрбие мен Білім.
Руханилық-адам жанының ізгілігі.Руханилықтың негізінде адам мінез- құлқы қалыптасады. Ар-ұят өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Руханилыққа апаратын жолдың бірі-білім алу және сол білімді пайдаға асыру. Руханилыққа жеткізер екінші сатыда-адам алған білімінің құндылығына сүйене отырып,өз ортасын өзгертуге әрекет жасайды.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық
Достарыңызбен бөлісу: |