Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Жеке тұлғаның құндылықтар иерархиясы



бет33/66
Дата21.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#187266
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

1.Жеке тұлғаның құндылықтар иерархиясы


Құндылықтар мен олардың табиғаты туралы философиялық ілімі
аксиология деп аталады (грек axios-құндылық пен logos-ілім).
Құндылықтар деп–адам үшін өте маңызды заттар мен құбылыстарды, қасиеттер мен жай-күйлерді атайды.
Тұлғаның барлық құндылықтары белгілі бір тәртіп бойынша иерахияланған: бірі тұлға үшін аса маңызды болса, бірі аса маңызды емес.
Иерархияның басында бір немесе бірнеше негізгі өмірді анықтайтын басты құндылықтар тұруы мүмкін.

    • «Құндылықтар»–адам үшін оңтайлы маңызы бар зат, құбылыс,

қасиет, жай-күйлер.Тұлға үшін маңыздылығына қарай барлық құндылықтар белгілі бір реттілікпен иерархия құрайды. Иерархия сатысының ең жоғарғы баспалдағында бір немесе бірнеше басты өмірлік құндылықтар болуы мүмкін. Әрбір тұлғаның өзіндік құндылықтар иерархиясы түрліше құрастырылады. Құндылықтар нысаналарының дамуы-жеке түлғаның рухани-адамгершілік дамуының белгісі, оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Жеке тұлға құндылықтар жүйесінің қалыптасуына және құндылықтардың иерархия баспалдақтары бойынша орналасуына әсер ететін негізгі факторлар: Өмір кезеңдері,беделді тұлға, түрлі жағдаяттар, қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесі. Құндылықтар жүйесі жеке адам үшін қатып қалған дүние емес және иерархия баспалдақтарында құндылықтар түрлі орынға ауысып отыруы мүмкін. Осыған байланысты әрбір тұлға өзі де өзгерістерге ұшырай алады. Қасымыздағылар жайлы жылдар бойы түпкі санада сақталып келген пікірлеріміз де өзгеріске ұшырай алады. Сондықтан, бір адамды жақсы немесе жаман деп бағалауымыз – уақытша сипат: кеше ғана көк түйнек болған алма бір-екі күннен соң пісіп, хош иіске ие болмайды ма?! Құндылықтар иерархиясы тұлғаның санасында мәңгіге тұрақтап қалмайды: өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке ауысады. Жаратылысымыздан барлығымыз Жоғары санамен байланыстамыз.Өсе келе, түпкі санамыз ластануына байланысты бұл байланыс әлсірей келеді.Ендеше,Жоғары санасымен байланыс жаңғыруы үшін адам ақиқатты тану барысында түпкі санасын тазартып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасап, жан-дүниесін тыныштандырып, ар-ұждан құдіретті үнін естиді. Болмысының негізін осы деңгейлер құрайтынын сезіне бастағаннан адам өз тағдырын өзі басқара алады, ал руханилық деңгейге жеткенде ол адам-адамзат-ғалам бірлігі мен үндестігін ұстаным етеді.
Рухани энергия барлық деңгейлерді тізіп өтеді.Барлық деңгейлер өзара байланыста.Әрбір жоғарыдағы деңгей төмендегілерді басқарады. Жоғары сана функциясы – интеллектті бағыттау. Сондықтан, рухани жетіле бастаған адам өз шығармашылықдық әлеуетін аша алады.Жоғары сана – ол жоғары “Меніміз”. (Дене–күйме,ақыл–арбакеш,сезімдер–аттар,жоғары“Мен”–күйме иесі). “Шынайы моральді Ғаламның табиғи бастауларынан іздеген жөн, оның жалпылама заңдылықтарынан. Сонда ғана ол барлық адамға түсінікті және дәлелді бола алады”. Ғалам Шексіздігі мен Көптүрлілігі, Үзіліссіз
қозғалысы, Үндестігі мен орнатылған Тәртіп пен Тыныштығы–Адам мен Адамзат даму заңдылықтарына да тән қасиеттер. Мәселен, табиғаттағы күштердің пара-пар тең әсерлесуі ғалам тепе-теңдігін қамтыса, қарама-қайшы сезімдерді Сүйіспеншілікпен теңгеру–адамның ой-сөз-іс бірлігіндегі Дұрыс әрекеттері мен Ішкі тыныштығын қамтиді.Ғалам-Адамзат-Адам бірлігін мойындау–әрбір сәтте өтетін сыртқы және ішкі өзгерістерді мойындау. Жаратылысынан жаман адам жоқ. Тек сол өзгерістерді қабылдай алмайтындар ғана бар. Себебі, әрбір адам Жоғарғы санамен байланыста болғанымен, тек тынышталып, ішкі жан-дүниесіне үңілгенде ғана Оның дауысын ести алады. Сырттан күні-түні тынымсыз құйылатын ақпарат ағыны адамның тәндік деңгейінде бес мүшесі арқылы қабылданып санадан өтеді де, эмоциялар деңгейдегі түпкі санада жинақталып, сезім мен эмоциялар түрінде тұрақтап қалады. Ақыл менталдық деңгейде орналасады. Ақыл міндеті – сезімдерді бақылау. Осы үш деңгей тәндік санамызды қалыптастырады. Ақыл жақсыны жаманнан, жақсылықты жамандықтан ажырата алмайды. Ақыл толығымен ажырату деңгейіндегі интеллектке бағынуы тиіс.Рухани деңгейінде Жоғарғы “Мен” орналасады. Интуициясы ашылған адам жақсы мен жаманды, ақиқат пен жалғанды, мәңгі мен уақытшаны ажыратады. Бұл – Жоғары сана құдіреті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет