Шолпан шоқтай қызарған кез. Жарық дүниенің жанары оянған шақ. Іңгә- іңгә-іңгә…
Құдай Қадырға шекесі торсықтай сәби сыйлады. Әке болу қуанышына бөленген ол дәрет алып, жүзін құбылаға бұрып, азан шақырды. Аллаға шексіз шүкір айтты.
Нәрестеге Нұрбол деген есім берді.Үйге шақалақпен бірге шаттық енген
еді.
Күпті үміт.
«Баласы атқа қонса, үйінде тақымын қысып отыратын» анадан асқан
мейірімді жан бар ма? «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» өсірген Бибісара Нұрболды күнде мектепке қолынан жетектеп апарды. Өзі сонда аспаз- шы. Оқушылардың ішіп-жемін әзірлейді. Баласының талантына тәнті боп, тәтті тағамын күнде береді. Ес біліп, ер жеткен Нұрбол бір күні анасымен мектепке бармауды ұйғарды. Себеп – Бибісараның бір көзі жоқ. «Арын» ардақты анадан биік қояды. Достарынан ұялады. Құрбыларым сезбесін деп, асханаға кірмеуді де әдетке айналдырады. Жаратушыдан жалбарынып сұраған жалғыз баласы ойлаған ісіне бойламайды. Байыбына бармайды. Бәрібір тентектігін тастамайды. Бойын соқыр намыс кернеген бала анасын осылайша әбден әбігерге салады. Көшеде де бірге жүрмейді. Ақша тауып, баласының асты-үстіне түскен ана байғұстың бұған жүрегі езіле түсті. Ұлының қашқалақтап жүргенін көрген сай- ын жалғыз жанардан жас парлайды… Амал не?Айтса, зекіп тастайды. Кемшілігін бетіне басады.
Себебін білмей, ауыр сөз айтады. Осылайша әрбір тәулік жаңа парағын ашып, өмір өте береді. Асханаға ағылған балалардың ішінен «ұлымды көріп қалар ма екенмін» деген үмітпен жалғыз көзімен есікке телміре қарайды. Үміті күпті. Тағы жоқ…
Бір күні баласының талабын білмек ниетпен сабағына қатысты.
Рұқсат па, қарағым? Кіруге бола ма?
Әрине, болады. Кіріңіз.
Баламның сабағын білейін деп келіп едім. Мына отырған баланың анасы- мын.
Отырыңыз.
Осы кезде әр жерден «мынау кімнің анасы, көзі жоқ екен» деген сұмдық, суық сөздер еміс-еміс естілді. Нұрболдың қабағы түюлі. Екі беті ду ете қалды. Қос көзі анасының жаутаңдаған жалғыз жанарына тіке қадалды. Атып
жіберердей. Ұстазынан ұялған болар. Ләм-мим демеді. Алайда, бойын ащы ыза кернеді. Өз терісіне өзі сыймай, қайта-қайта бұлқан-талқан болды. Көп аялдаған жоқ. Есікті қайта кірместей тарс жауып кетті.Өкініш пен өксік. Нұрбол ақшам намазынан асқан уақытта үйіне келіп, назалы үнмен назын айтты. Бәйек болған Бибісара күні бойы аш жүрген баласының тамағының қамына кірісті.
Артынан қалмай қойған Нұрбол ащы дауыспен ренішін білдірді.
Мама, сабаққа неге келесің? Мені масқаралағанша асханаңда жұмысыңды істеп жүре берсең қайтеді? Саған осы не жетпейді? Түсінбей-ақ қойдым сені. Мені енді іздеп келме. «Анасы соқыр екен», – деген сөзді енді естігім келмейді… Сенің қасыңда жүруге ұяламын. Маған жоламашы… Айтшы, неге соқырсың? Қайда бір көзің? Сырын білсем бола ма?
Байғұс Бибісара жалғыз жанарымен тағы жылады. Еңіреді, егілді. Көзінен жас төгілді. Көкірегін ащы өксік кернеді. Шарасыздық па, әлде қорқыныш па? Оны өзі де білмейді. Белгілісі, жүрегінің түбінде бір құпия бар. Тағы жасырып қалды. Ана жүрегі тентек ұлын бұл жолы да кешірді:
Кешір, балам. Сен не десең, сол болады. Енді сені ренжітпеймін. Анаңның қателігін кешір, құлыным… Қоңыр қозым, сен ренжімеші.Сені жақсы көрем ғой. Кел, тамағыңды іше ғой, айналайын.
Ана осылайша уәде берді. Сөзін амалға асырды. Баласына артық уайым- қайғы туғызбауды көздеген еді. Ұлын енді қайта іздеп бармауды ұйғарды. Сыр- тынан дұға етіп, аналық ақ тілегін Аллаға жолдады.Сағат сырғып, уақыт жыл- жып, Нұрбол оқуын аяқтады. Мектепті үздік бітірді. Ендігі асыл арманы – шетелде оқу. Сөйтіп, бір көзі жоқ анасынан біржола құтылуды көздеді. Алла пендеге мейірімді ғой. Тілегін қабыл алыпты. Оқуға түсті. Мұхит асып кетті. Ауылда қалған жалғыз анасына бұрынғыдан да бетер суық қарайды. Айтқандай- ақ, ақ сүт беріп асыраған аяулы анасын мүлдем ұмытты. Білікті маман болды. Жұмыс тапты. Үйленді. Бала сүйді. Бірақ шешені есіне де алмады. Немересінің маңдайын әжесіне бір иіскету ойына да келмеді. Тасжүрек одан сайын қатып қалған екен. Анаға деген мейірім жоқ.