Ас қорыту жүйесі және оның бұзылу себептері



Дата07.02.2022
өлшемі17,09 Kb.
#97317
Байланысты:
ас қорыту жүйесі және оның бұзылу себептері




Ас қорыту жүйесі және оның бұзылу себептері”
Орындаған: Айтжанова Назерке Жанатовна


Группа:ПМНО-1сп


Ас қорыту жүйесі және оның бұзылу себептері
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекейлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттардықарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.
Ас қорыту ферменттері:
Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.
Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.
Ас қорыту жүйесінің бұзылу себептері
Асқорыту жүйесінің бұзылуы көбінесе жаман әдеттердің нәтижесінде пайда болады. Белгілері: асқазанда ауырлық сезімі, тітіркену, түршігу, қыжыл, жүрек айнуы, ұйқышылдық, бас ауруы, құсу және т.б. Нашар қорытылған азық асқазаннан өткеннен кейін, ішекте мына белгілер басталады: Желдену, іштің үрленуі, іш қатуы немесе іштің өтуі.
● Жақсылап және ақырын шайналмаған азықтар асқорыту ағзаларында ашиды.
● Тамақтанғанда ішілетін сұйықтықтар асқазанды үрлетеді және шаршатады. Бір стакан су ішуге болады.
● Көп тамақ жеу – асқорыту жүйесінің нашарлауының басты себебі. Сондықтан дастарханнан тоймастан тұрып кету керек.
● Астың қортылуы үшін қалыпты жағдайда 4-5 сағаттай уақыт қажет. Аптасына бір күн болса да, асқорыту мүшелерін тынықтырып тұру керек.
● Тамақтану уақыттары арасында жеу асқазанды шаршатады және жүйкелердің қорын азайтады. Түскі аспен кешкі ас арасында қосымша «жүрек жалғау» ересектер үшін керек емес.
● Шаршаулы, ұйқысыз және жүйке жұқарған кезде жеу, асқорытуға жәрдемші бола алмайды.
● Ұрыс-керіс, талас-тартыс, қатты қобалжу, ашу-ыза, жек көрушілік, өшпенділік сияқты негативті эмоциялар асқорыту мүшелеріне кері ықпалын тигізеді.
● Ыстығы бар кезде жеу, температураның артуына себеп болады.
● Тамақтанғаннан кейін бірден жатуға болмайды.
● Шамадан тыс ас қоспалары, қыша, сірке суы, қарабұрыш... асқазанның химиялық құрамын бұзады.
Піспеген жемістер, өте қышқыл болатындықтан аулақ болған жөн.
● Қуырылған тағамдардың қорытылуы қиын болады.
● Көп мөлшерде шекер тұтыну, асқорыту жүйесінің бұзылуына жол ашады.
● Шай, кофе, какао... асқорыту жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуін бұзады.
● Бір отырғанда әр түрлі тағамдар жеу, асқорытуда қиындық тудыруы мүмкін.
● Сағыз және осыған ұқсағандар, асқазандағы қышқылдың көбеюіне себеп болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет