Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу жəне жер аудару туралы



Дата24.12.2021
өлшемі21,17 Kb.
#104808
Байланысты:
23-12-20


Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Ұжымдастыру алдындағы мал саны:

40,5 млн
2. “Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу жəне жер аудару туралы” декрет жарияланды:

1928 жылғы тамызда


3. Астықты аудандардағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы:

ауыл шаруашылығы артелі


4. Ұжымшар құрылысы жедел дами бастаған кез:

1929 жылдың екінші жартысынан бастап


5. 400 киіз үй “қала үлгісіндегі поселок” болып тігілген аудан:

Шу
6. Шұбартау ауданында етке өткізілген малдың үлесі:

80%
7. 1929-1933 жылдары ату жазасы берілген адам саны:

3386
8. Қара бойкот жарияланған округтер:

Алматы мен Петропавл
9. 1930-1932 жылдары болған апатты оқиға:

Аштық апаты


10. “Бесеудің хатын” жазғандар:

Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дəулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.


11. Күштеп ұжымдастыруға қарсы қозғалыстар болған мерзім:

1929-1931 жылдар


12. “Бандиттік-басмашы қозғалысы” деп бағаланды:

Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі


13. Ұжымдастыруға қарсы болған толқулар мен көтерілістер:

372
14. 1932 жылы астықты аудандарда

коммуналар орнына ұйымдастырылды:

артельдер


15. 1935 жылы екпінді ұжымшар мүшелерінің съезінде қабылданды:

Ауылшаруашылық артелінің жаңаүлгі Жарғысы қабылданды.


16. 1931-1933 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны:

0,4 млн адам


17. 1931 жылдың көктемінде ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға қарсы көтеріліс жасаған шаруалар түгел қырылып тасталған Қарқаралы округіндегі аудан(-дар)

Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау


18. 1932-жылғы шiлдеде аштық және оның себептерi туралы БК(б)П өлкелiк комитетiне, тiкелей Ф. Голощекинге ашықхатты республиканың қай қайраткерлерi жазды?

Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дəулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.


19. 1933-жылғы наурызда Тұрар Рысқұлов кімге хат жолдады?

И.В.Сталинге, М.М.Кагановичке, В.М.Молотовқа

20.1932-жылғы шiлдеде Ф. Голощекинге ашықхат жазған (-дар) кім

Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дəулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.


21. Сендер жаңа экономикалық саясаттың мәнін қалай түсінесіңдер?

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. Жаңа экономикалық саясаттың мәні ЖЭС - Шаруалардың «Әскери коммунизм» саясатына наразылығы. Азық – түлік салығын енгізу; Жерді жалға беру; Жалдамалы еңбекті пайдалану; Тұтынушылар кооператциясы; Еңбек міндеткерлігін жою; Ұсақ кәсіпорындарды жалға беру; Мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп енгізу.


22. Бұрын артта қалған халықтардың капиталистік емес даму жолы тұжырымдамасы дұрыс па? Түсіндіріңдер.

Қазақстанда капитализмнің дамуына қажетті алғышарттар 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. Осы кезден бастап натуралдық ш. күйреп, сауда-саттықтың едәуір ұлғаюына мүмкіндік туды. Сөйтіп, тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты жергілікті рыноктың кеңеюіне жол ашылды. Жекелеген сауда капиталистері өнеркәсіп орындарын салуға қатыса бастады. Бірақ капитализм өзінің дамуында бірнеше сатылардан өтеді. Бұрын артта қалған халықтардың капиталистік емес даму жолы тұжырымдамасы дұрыс деп көрсетсем экономика мұншалықты даму үстінде болмағаны. Сондықтан басты мақсат әлеуметке бағдарланған нарықтық қатынастарды дамытып, аралас экономикаға негізделген қоғам құру. Қоғамның мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеріп, жеке адамның жан-жақты дамуына жағдай жасау.


23. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР құрамына біріктіру қалай жүргізілді?

Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды.


24. Елді индустрияландырудың мәні неде?

ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты.


25. Қазақстандағы индустрияландыру ерекшеліктері қандай?

Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы «Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан - Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.


27. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңында Қазақстандағы жағдай қандай еді?

1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық 1-съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын өмірге енгізуге жол ашып, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылықтар (олардың 9,3 проценті) ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің Пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды.


28. Жаңа экономикалық саясат қазақ шаруаларына не берді.

1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)

2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.

Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.

1. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.

2. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.

3. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.

4. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.

5. Жерді жалға беруге рұқсат берілді.

6. Несие берілетін болды.

7. «Қосшы Одағы» құрылды.

8. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.

Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.

** Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел:

* 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.

* 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.

* 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады.

Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын.

* 4. Жеке саудаға рұқсат берілді.

** Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:

* Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.

* Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.

* Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.

* Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.

* Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.

* Саяси өмірде демократия бұрмаланды.

* Еркіндік мүлде болмады.

* 1921-1922 жылдардағы ашаршылық

1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,

• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.

Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
29. Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болды?

ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын күйретті; -қазақ қоғамының әлеуметтік негізі жойылды; -ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тіректер қиратылды.


30. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болды?

Ресми мәліметтер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты.


31. «Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінесіңдер?

Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.


32. «Карлаг», «ЧСИР», «Алжир», «Гулаг» деген ұғымының мазмұнын айтып беріңдер.

Карлаг, яғни, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері - ГУЛАГ архипелагы құрамындағы ең ірі азап аралы. Ол кезінде Қазақстанның орталығында солтүстігі мен оңтүстігіне шейін 300 шақырым, шығысынан батысына шейін 200 шақырым ұлан-ғайыр жерді алып жатқан. Ал сыртқарғы Ақмола және Балқаш бөлімшелерін қосып есептегенде, Карлагтың ауқымы Францияның жер көлемімен теңеcеді. Қарағанды лагері ауқымына, құрылымдық жүйесінің күрделілігіне және Мәскеуге ғана тікелей бағынған әлеуетіне қарай «мемлекет ішіндегі мемлекет», ал азаптау құралының күштілігі жағынан «Даладағы тамұқ» деген атқа ие.


Чсир 30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь.
Карлагтың айрықша бөлімшелерінің бірі - АЛЖИР, тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмоладағы лагері» деген ұғымды білдіреді.
ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.
33. Қазақ АКСР – ін Одақтас республика етіп қайта құрудың қазақ халқының тарихында қандай маңызы болды?

1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.


34. Қазақ КСР – інің соғыс алдындағы өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының қалай дамығанын айтып беріңдер.

Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3 % -ға артты.

Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.

Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды.

Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды.

Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден бірінші орын, Мұнай мен көмір өндіруден 6 – орынға шықты.

1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті. Олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша: көмірдің – 4,2% -ін; мұнайдың – 2,2% -ін; қорғасынның – 87% - ін; мыстың – 21% - ін өндірді.

Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты.

Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда: 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың комбайн, 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайыншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған.
-Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.

- Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды.

- Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.

- Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет