Ақсай қаласының №5жоббм бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспары



Дата07.04.2022
өлшемі22,43 Kb.
#138199
Байланысты:
тамақтану комиссиясының жұмыс жоспары 2021-2022


Бекітемін
Мектеп директоры:________________Г.Сембиева
Ақсай қаласының №5ЖОББМ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспары
2021-2022 оқу жылы



Іс-шаралар мазмұны



Мерзімі

Жауаптылар

1.

Бракераждық журналын жүргізу

Күнделікті

Мейірбике

2.

Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың калориясын қадағалау. Тағамның күнделікті құрамын қадағалау(Органич.журнал)

Күнделікті

Мейірбике

3.

Тамақ пісіру технологиясын бақылау

айына 1 рет
(хаттам)

Комиссия 
мүшелері

4.

Өнімдердің мерзімінің жарамдылығын қадағалау

айына 1 рет

Комиссия 
мүшелері, Мейірбике

5.

Асхана қызметкерлерінің жеке бас тазалығын тексеру

Күнделікті

Мейірбике

6.

Буфеттен шығатын тағамдардың сапасын қадағалау

Аптасына 2 рет

Әлеу. педагог
Мейірбике

7.

Асхана және ыдыстарының тазалығы

Күнделікті

Әлеу. педагог
Мейірбике

8.

Азық-түлік сақтау орындарын және қоймаларының талапқа сай болуын қадағалау

Аптасына 1 рет

Асхана меңгерушісі
Мейірбике

9

Асхана бөлмелерін кварцтау журналын жүргізу

Күнделікті

Мейірбике



ұТамақтану сапасы мониторингісін жүргізу жөніндегі комиссия отырысының
1 хаттамасы
2021 жылғы 13 қаңтар
Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі. Комиссия мүшелері
Комиссия төрайымы:
1. К.Х.Адилбекова – мектеп директоры
Комиссия мүшелер:
2 Изтлевова Г. Т. – ДТЖО
3. Келесбаева А.Б. – әлеуметтік педагог
4. Бердиханова С. - әлеуметтік педагог
5. Қазыева Ж. – мектеп медбикесі
Күн тәртібінде:
1.Оқушылардың тамақтануы мен асхананың жұмыс жағдайы
Тыңдалды:
1. Мектеп директоры Адилбекова К.Х. сөз сөйледі. Ол асхананың дайындығы,санитарлық-гигиеналық жағдайы ас дайындауға азық –түліктің болуы туралы таныстырды. Акт бойынша дайындалған тағамдар мен мәзірге келетіндігі туралы айтып өтті. Асханада температуралық тәртіп сақталған. Тоңазытқыштарды тазалап отыру керетігі туралы айтты. Тағамдарды қайта даярлау үшін пайдаланылған кейбір құралдарды тазартып отыру керектігін айтып өтті. 2.Әлеуметтік педагог Келесбаева А.Б. сөз сөйледі. Онлайн оқитын 1 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылғанын айтып өтті. 3. Мектеп медбикесі Қазыева Ж. сөз сөйледі. Асхананың санитарлық гигиеналық жағдайы талапқа сай қанағаттанарлық екені туралы айтты.
ШЕШІМ:
1.Оқушылардың тамақтану сапасын қажетті нормаларға сәйкестігі.
2. 1- сынып жетекшілері оқушыларының тамақтану сапасын бақылау.
3.Директор жанындағы отырыстарда тамақтану жөнінде мәліметтерді хабардар етіп отыру.
Төрайым: К.Х. Адилбекова
Хатшы: С.С.Бердиханова
«Бекітемін»



Мектеп директоры:
__________К.Х.Адилбекова
«__13_»_01 _2021 ж
АКТ Біз төмендегі комиссия мүшелері: Г.Изтилевова ДТЖО А.Келесбаева Әлеуметтік педагог, С.Бердиханова Әлеуметтік педагог Ж. Казиева Мектеп медбике,
 
13.01.2021ж асханада тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың калориясын, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
Ас мәзірі:



Тағам атауы

Тағам шығымы гр.

6-11 жас




1

Күріш сорпа етпен

200-250




2

Қырыққабат салаты

60-100




3

Тәтті шәй лимонмен + С дәрумені

200




4

Нан

35




Комиссия мүшелерінің шешімі: Асхана мен тамақ ішетін орын талаптарға сай . Тегін ыстық тамақ оқушыларға ас мәзірі бойынша беріліп отыр.
Комиссия мүшелері: 
ДТЖО Г.Изтилевова Мектеп медбикесі: Ж.Казыева  Әлеуметтік педагогтар: А.Келесбаева С.Бердиханова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет