Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет114/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   188
4.3.6. Еңбек шарты 
 
 
Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. 
Бұл  шартқа  сəйкес  қызметкерлер  еңбек  тəртібіне  бағына  отырып, 
белгілі  бір  мамандық  бойынша  жұмыстарды  орындауға,  ал  кəсіпорын 
тараптардың  келісімі  жəне  еңбек  заңдарында  қарастырылған  айлық 
жалақыны төлеуге жəне тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге 
міндетті  болады.  Қызметкер  мен  жұмыс  беруші  арасындағы  еңбек 
қатынастары 
Қазақстан 
Республикасының 
«Қазақстан 
Республикасындағы  еңбек  туралы»  1999  жылғы  10  желтоқсандағы № 
493  Заңында,  еңбек  қатынастарын  реттеуге  арналған  басқа  да 
нормативтік-құқықтық актілерде жан-жақты қарастырылған.  
         Қазақстанның  қолданыстағы  еңбек  заңдарының  өзіне  тəн 
ерекшеліктері  еңбек  шартының  ролін  күшейту  болып  табылады. 
Нарықтық қатынастарда еңбек саласындағы қоғамдық қатынастардың 
қатысушыларына  жеке  еңбек  шарты  негізінде  еңбек  жағдайларын 
реттеуде  теңдей  мүмкіндіктер  ұсынылады.  Шарт  жалдамалы 
қызметкерлердің  жеке  қасиеттерін  ескеруге,  еңбек  құқықтық 


 
140
қатынасының 
тараптарының 
құқықтары 
мен 
міндеттерін 
дербестендіруге мүмкіндік береді. 
 
Еңбек  құқықтық  қатынастарды  мемлекеттік  реттеуге  күш  салу 
орталықтандырылғаннан 
орталықсыздандырылуға, 
заңнан 
– 
шарттылыққа  қарай  өтеді.  Сонымен  бірге, негіздеме  жəне  жеке  еңбек 
шартын бұзу бөлігінде заңмен реттеу қалады. 
 
Еңбек  заңдарының  мақсаты  –  барынша  ұзақ  мерзімді  құқықтық 
қатынасты қамтамасыз ету. Бұған əдетте, жұмыс беруші де, қызметкер 
де мүдделі. Жұмыс беруші өз ісін жақсы білетін жəне қажетті жұмысты 
орындай  алатын  оқыған,  білікті  қызметкерлерден  тұратын  кадрларды 
тұрақты  иемденуді  қалайды.  Қызметкер  тұрақты  жұмыс  пен  соған 
төленетін ақыға мүдделі. Еңбек заңдарының құқықтық нормалары тап 
осындай жағдайды тудыруға бағытталған. Осы немесе басқа тараптың 
қалауына  байланысты  еңбек  құқықтық  қатынастарын  еріксіз  тоқтатуға 
əкелетін  тараптардың  əрекетіндегі  кездейсоқтарды  болдырмауды 
көздейді. 
Еңбек  туралы  Заңның  26-бабының  3)  тармақшасына  сай  жеке 
еңбек шартын бұзуға жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi немесе 
сынау  мерзiмі  iшiнде  қызметкердiң  жеткiлiктi  бiлiктiлiгiнiң  болмауы  не 
белгiлi  бiр  жұмысты  жалғастыруға  кедергi  келтiретiн  денсаулық 
жағдайы  салдарынан  атқаратын  қызметiне  немесе  орындайтын 
жұмысына сəйкессiздiгi аңғарылған жағдайда жол беріледі.  
 
Жеке е бек шартыны  3лгісі 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет