Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет147/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   188
4.4.11. Хаттама 
 
Хаттама – жиналыстарда, мəжілістерде, конференцияларда, бас 
қосуларда  мəселелерді  қарау  барысын  жəне  онда  қабылданған 
шешімді белгілейтін құжат.  
 
Негізінен  хаттамалар  қысқаша  жасалады,  онда  баяндамалар 
мəтіні  толық  келтіріле  бермейді.  Əйтсе  де  хаттамаға  мəжілістің 
стенограммасы тіркелгені жөн. 
 
Хаттама жалпы бланкіде де сол секілді А4 форматтағы қағазға да 
ресімделе береді.  Мынадай деректемелерден тұрады: 
 
Құжат түрінің атауы жəне оның рет тік нөмірі; 
 
Күні; 
 
Хаттама жасалған орын; 
 
Мəтіннің тақырыбы; 
 
Мəтін; 
 
Төраға мен хатшының қолдары. 
 
Мəтіннің  тақырыбы  əдетте  жиналыстың  атауынан  тұрады, 
мысалы: 
 
Оқу кеңесінің мəжілісі 
 
Зауыт бөлімшелері басшыларының жиналысы 
 
Кəсіподақ комитетінің мəжілісі 
 
Хаттама мəтіні екі бөліктен – кіріспе жəне негізгі бөліктен тұрады. 
 
Кіріспе  бөлімде  жиналысқа  қатысушылар  көрсетіледі,  оның 
ішінде  жиналыстың  төрағасы  мен  хатшысы  да  көрсетіледі.  Егер  бұл 
өндірістік  жиналыс  болса,  барлық  қатысушының  қызметінің  атауы 
көрсетіледі. Кіріспе бөлім күн тəртібімен аяқталады.  
 
Хаттаманың  негізгі  бөлімі  мынадай  сұлба  бойынша  құрылады: 
ТЫҢДАЛДЫ – СӨЙЛЕДІ- ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ)  
ТЫҢДАЛДЫ 
бөлімінде 
баяндамашының 
аты-жөні, 
(лауазымы 
көрсетілмейді,  ол  кіріспе  бөлімінде  көрсетілген)  жазылып,  сызықша 
қойылады да баяндаманың қысқаша мазмұны баяндалады. 
СӨЙЛЕДІ деген бөлімде де осылайша жүргізіледі. 
ҚАУЛЫ ЕТТІ деген бөлімде қабылданған қаулы жазылады. 
Хаттама мəтініне төраға жəне хатшы қол қояды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет