Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 Құжаттарды сақтауға жəне пайдалануға дайындау



Pdf көрінісі
бет169/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   188
5.7.3. Құжаттарды сақтауға жəне пайдалануға дайындау 
 
 
Іс  қағаздарын  жүргізу  процесінің  қорытындылану  кезеңі 
орындалған  құжаттарды  сақтауға  жəне  пайдалануға  дайындау  болып 
табылады. Пайдаланылатын құжаттарды ретке келтіру мен сақтаудың 
басты  мақсаты  –  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мұрағат  қорын 
толықтыруға  жəне  оны  анықтамалық  жұмысында  пайдалану  үшін 
жағдай жасау.  
 
Орындалған  құжаттарды  сақтауға  жəне  пайдалануға  дайындау 
мыналарды қамтиды: 
 
●  құжаттың  ғылыми  жəне  тəжірибелік  құндылығына  сараптама 
жасау; 
 
● істерді ресімдеу; 
 
● тұрақты жəне ұзақ мерзімді сақталатын құжаттарды сипаттау; 
 
● құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. 
 
 
+жаттарды   +ндылығын сараптау 
 
 
Іс қағаздарындағы құжаттардың құндылығына сараптама жасау іс 
номенклатурасындағы  құжаттарды  жасау,  оларды  қалыптастыру 
кезінде  жүргізіледі.  Құжаттардың  құндылығына  сараптама  жасауды, 
оларды  мемлекеттік  сақтауға  беруге  іріктеуді  жəне  дайындауды 
ұйымдастырып,  жүргізу  үшін,  сондай-ақ  құжаттардың  əртүрлі  істерге 
жатқызылуының  дұрыстығын  бақылау  жəне  əдістемелік  көмек  беру 
үшін  тұрақты  жұмыс  істейтін  сараптау  комиссиясы  құрылады.  Оның 
ережесі  жасалып,  онда  комиссияның  функциясы,  құқықтары  мен 
жұмыс тəртібі анықталады. 
 
 
 
Енді осында келтірілген жəйттерді былайша нақтылап көрсетейік. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет