1. ЖШС директоры. Көп салалы қызметпен шұғылданатын
серіктестіктерде бірнеше директор болуы мүмкін (экономика жəне
қаржы, өндіріс, шаруашылық т.б. мəселелер бойынша). Бұл жағдайда
бас директор лауазымын енгізу ретті болмақ. 2. Директордың (бас директордың) бірінші орынбасары. Штат кестесінде бірнеше салалық орынбасарлар болған кезде бірінші
орынбасар лауазымын енгізу міндетті. Өйткені директор (бас
директор) ұзақ уақыт өз орнында болмаған жағдайда оның қызметтік
115
статусы бірдей орынбасарлары арасында түсініспеушіліктер туындауы
мүмкін.