6. Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу жəне жаңа жұмыс орнына ауыстыру 6.1. Кəсiпорынның қызметкерi өз келiсiмi бойынша басқа жұмыс орнына
белгiлi бiр мерзiмге, 1 айдан 6 айға дейiнгi мерзiм шегiнде iссапарға жiберiлуi
мүмкiн.
Iссапарға уақытша жiберiлгендер үшiн еңбек шартын өзгертудiң қажетi жоқ.
Егер кəсiпорын тиiстi үй-жай беретiн болса, онда қызметкер iссапарға жiберiлген
жерге отбасымен бiрге баруға құқылы.
Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру қызметкердiң келiсiмiмен ғана жүзеге
асырылады жəне қажет болған жағдайда кəсiпорын басшысының келiсiмi бойынша
ауыстырылады.
Еңбек шартына енгiзiлетiн тиiстi өзгерiстер екi тараптың келiсiмiмен жазбаша
түрде ресiмделедi.