Жеке анықтамалар жеке тұлғаларға беріледі. Оларда əдетте,
осы адамға қатысты қандай да бір мəлімет расталады, мысалы,
Оқу орнынан анықтама,
Жұмыс орнынан анықтама
Тұрғылықты жерінен анықтама
Емханадан денсаулығы туралы анықтама т.б.
Анықтамалар бұрыштама бланкіде ресімделеді жəне оларда
мынадай деректемелер болады:
- адресат;
- құжат түрінің атауы (анықтама);
- анықтаманың рет саны;
- күні;
- жасалу орны;
- қызметтік анықтамаларда мəтіннің тақырыбы;
- мəтін;
- қосымшасының бар екендігі туралы белгі;
- қолы.
Қызметтік жəне жеке анықтамалардың айырмашылықтары
мынада: қызметтік анықтамада адресат деректемесі ресімделеді, ал
жеке анықтамада адресат ресімделмейді, бірақ құжат мəтінінің
соңында анықтаманың қандай мақсатқа берілгені жазылады, яғни
оның қандай мекемеге ұсынылатыны көрсетіледі
Достарыңызбен бөлісу: |