Политравма – бірнеше патологиялық жағдайлардың бір мезгілде пайда болуы мен дамуын қамтитын, өзара ауыру синдромының айқын көрінісімен бірнеше анатомиялық аймақтардың немесе аяқ-қолдардың сегменттерінің зақымдануынан туындайтын күрделі патологиялық процесс.
Политравма – бірнеше патологиялық жағдайлардың бір мезгілде пайда болуы мен дамуын қамтитын, өзара ауыру синдромының айқын көрінісімен бірнеше анатомиялық аймақтардың немесе аяқ-қолдардың сегменттерінің зақымдануынан туындайтын күрделі патологиялық процесс.
Полижарақат - бұл жарақаттардың келесі түрлерін қамтитын ұжымдық түсінік:
Көптік
бір қуысты ішкі мүшелердің немесе тірек-қимыл аппаратының екі немесе одан көп анатомиялық-функционалдық түзілістерінің (сегменттерінің) зақымдануы (мысалы, бауыр мен ішектің зақымдануы, сан сүйегі мен білек сүйектерінің сынуы)
Біріктіріл-ген
екі немесе одан да көп анатомиялық аймақтардың бір мезгілде зақымдануы немесе ішкі ағзалар мен тірек-қимыл аппаратының зақымдануы (мысалы, көкбауыр мен қуық, кеуде қуысының мүшелері және аяқ-қол сүйектерінің сынуы, бас-ми жарақаты және сүйектің зақымдануы)
Комбинир-ленген
әртүрлі сипаттағы травматикалық факторлардың (механикалық, термиялық, радиациялық) зақымдануы және олардың саны шектелмейді (мысалы, жамбас сүйегінің сынуы және дененің кез келген аймағының күйуі)
Травматикалық жарақаттардың ауырлығына қарай
Жарақат өмірге қауіп төндірмейді - дененің қызметінде айқын бұзылуларсыз және науқасытң өміріне тікелей қауіп төндірмейтін механикалық зақымданудың барлық нұсқалары;
Өмірге қауіп төндіретін – білікті немесе мамандандырылған көмекті уақтылы көрсеткенде хирургиялық жолмен жоюға болатын өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердің анатомиялық зақымдануы;
Өлім - өмірлік маңызды органдардың немесе реттеуші жүйелердің бұзылуы, тіпті уақытылы білікті көмекпен хирургиялық жолмен емдеу мүмкін емес.