Асфендияров 2-том indd


МЕКТЕПТЕГІ ТӨҢКЕрІС МЕЙрАМДАры



Pdf көрінісі
бет5/171
Дата11.04.2024
өлшемі1,77 Mb.
#200713
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Байланысты:
asfendiiarov sanzhar shygarmalary tom 2

Советская степь. 7 октября 1929 г.
МЕКТЕПТЕГІ ТӨҢКЕрІС МЕЙрАМДАры
Төңкеріс мейрамдарына мектептің қай түрде әзірленетіні, 
әрқайсысы мейрам қарсаңында не істеп, не қоятынын – кеңес мек-
тебі тәжірибесінде талассыз шешілген, бір ізге салынған жұмыс 
деп саналады. Қай-қайсы мейрамды алмайық көздеген мақсат 
біреу-ақ: мектептің күнбе-күнгі жұмысында «көлденеңінен килі-
гетін» мейрамды істейтініміздің де түп қазығы: балаға комму-
нистік тәрбие беру. Оқушының жаңа жұртшылыққа беттету.
Мейрам – той – мерекені сыңаржақ түсініп, бұл күнді у-шулы 
қызықбен өткізу, немене болса да елдің рухын көтеру. Көңілін 
елжірету – деп қана қарау қате, дәл үстінде көңіл көтеру мен қабат 
мереке жасап ту-тулап отырған оқиға елдің жұртшылығына шаруа 
мәдениетіне қандай сұрақ беретіндігін толық айтпай болмайды. 
Негізінде кеңес өкіметі кезеңіндегі төңкеріс мейрамдары, жаңа 
жұртшылық жағдайларымен және шаруа мәдениет құрылысымен 
байланысты, мейрам күнбе-күн дамып, орыс-кеңес социалистік 
құрылысқа таман бет алған елдің шаруа мәдениетін, тап жолын-
да тартысын суреттейтінін, көптің қатынасатын жеткен-жетпеген 
жерлері сыналатын – көрме, қыр көрсету: мейрам – тұрмыстың бір 
жағдайының әдемі көркем көріністерін жинау, бұл мақтау; күнбе-
күнгі елдің еңбегінің, жұртшылықтың тап жолында тартысының 
жылдық қорытындысы – бір жылдың ішінде тапқан табысты 
өлшеу, өткенмен салыстыру болашаққа жол сілтеу болады. 


17
Кеңес өкіметі кезінде мейрам-мереке «той» ескертетін оқиға- 
лар, бұрынғы уақыттағыдай елді мас қып «еліртіп» теріс жолға 
салып адастыруды арман қылмайды. Бұрынғы уақыттың мейрам-
дары құдайды бай патшаны көтеру, мадақтау, бай, патшаға үлкен 
жуан ханзадаға ас беру, бата оқу сияқты болымсыз, керексіз, 
оқиғаларды қошаметтеу болатын; елде құдайға, «құдайдың өкілі», 
патшаға, ханзадаларға, молдаларға, жуандардың ықыласына 
бағындырып ұстаудың кілті осы мейрамдармен де орындалатын.
Енді жалшы үстемдігі заманында мейрамы құдай, бай, патша 
соңынан еру емес. Еңбекші елдің өз қатері, өз мұңы, өз керектері 
тілектері бар, осыларға арналған. Жалшы табының еңбегі – 
шаттықты еңбек; мерекелі мәжілістер, тойларда, мейрамдарда әр 
жұмыс, әр міндет жеңілдетпек жоқ табылмақ, уайым ұмытылмақ 
тұрмысқа – жаратылысқа дұрыс марксшіл көзқарас орнамақ. Мей- 
рамда көптің еңбегі – ойын-күлкісі, екеуі қатар, көптің қаты- 
насымен, көптің ортасында көптің мұңын жоқтаумен, еңбегін 
бағалаумен болады, осылай болғанда мейрам анық елдің өзінікі 
болып табылады. 
Бектік дәуірінен жаңа арылып келе жатқан қазақ жұртшылығын- 
да төңкеріс оқиғаларына арналған мейрамдар жаңа елдің шаруа 
мәдениеті мен байланысты тойлар көпке тарап, шаруаның үй іші 
тұрмысына әсер бере қойған емес, пәленбай ас береді. Иә, той 
жариялапты деген хабар аз уақыттың ішінде бүкіл елге жайыла 
қалады. Үлкен-кіші қалмай қызыққа батудың қамын көре бас-
тады. Айт өз алдына тағы басқа бұлар жаңалықты әбден біліп, 
өзіне матап ұстаған ескіліктің сарқыншағы. Бұлар жаңалықты 
елге сатыр тебетін кедергі. Жаңа жұртшылық елге тарап күтуіне 
үлкен көрмеу. Сондықтан жаңа жұртшылық құру жолындағы көп 
міндеттердің бірі төңкеріс мейрамдарын шаруашылық мәдениет 
тойларын өткізуге жәрдем бердім қарамай, аса терең ойланып 
жақсы дайындықпен көпті қатынастырудың жолын – әдісін та-
уып кіріскен жұмыс. Бұл жұмысты ұйымдастыруға көңілдегідей 
нәтижелер шығаруға алдымен мектеп кіріседі. Балаға дұрыс 
кеңестік тәрбие берудің жаңа жұртшылыққа беттетудің алдынғы 
қатардағы бір шарасы да ол мейрамдарды неғұрлым жақсы 
дайындық істеп айтқанды бұлжытпай орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет