Асфендияров 2-том indd



Pdf көрінісі
бет56/171
Дата11.04.2024
өлшемі1,77 Mb.
#200713
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   171
Байланысты:
asfendiiarov sanzhar shygarmalary tom 2

Казахстан. С предисловием С. Нурпеисова. – Москва:
 Государственное социально-экономическое издательство, 
1936. – С. 61-83.
1916 Жылғы КӨТЕрІлІСТЕ БАЙлАрДыҢ ЖӘНЕ 
ҰлТШыл ИНТЕллИГЕНЦИЯНыҢ рӨлІ
1916 жылғы көтеріліске қазақтың кедейлері басшылық етті. 
Көтеріліс арқасында қазақ еңбекшілерінің ұлттық және таптық 
сана-сезімі артты.
Патша үкіметінің әскері қазақ байларының және қазақ интел- 
лигенциялардың жәрдемімен көтерілісті басты. Бірақ қазақ қалың 
бұқарасы бұл күресте революциялық тәжірибе алды. Қалың 
бұқараның ұлт-азаттық қозғалысы 1916 жылғы көтерілістен 
кейін күшейе келе, орыстың революцияшыл пролетариатының 
қозғалысымен қосылды және қосылуға тиіс еді.
Қазақтарды майдан жұмысына алу қалың бұқараның таптық 
сана-сезімінің зор себеп болды: туған ауылынан күшпен кетуіне, 
ауыртпалық көруіне Ресейдің патша үкіметі және империалистік 
буржуазиясы айыпты екенін түсінді. Қазақ еңбекшілері орыс про-
летариатымен танысты. 
Қазақ еңбекшілерін соғыс майданына алу кезінде ауылда тап 
күресі бұрынғыдан да күшейді. Байлар соғыс майданына адам 
алудың барлық ауыртпалығын кедейлерге аударуға тырысты. 
Ақсақалдар, байлар, болыстар еңбекшілердің көтерілісін басу ісін-
де патша үкіметіне барынша жәрдем көрсетті. Патша үкіметінің 
жазалаушы отрядтеріне азық-түлік, жолбасшылар берді, майданға 
баратын адамдардың тізімін жасауға жәрдемдесті, туысқандарын, 
жақындарын алып қалып, олардың орнына кедейлерді жіберді. 


214
Верный қаласындағы Розыска пунктінің бастығы 1916 жылы 
июльдің 26-да берген мәліметінде, қызмет басындағы адамдардың 
және ақсақалдардың «елді өз ықтиярымен майданға адам беруге 
үгіттеп жүргенін» білдірді.
Торғайдың уездік начальнигі августтың 9-да Торғай губерна-
торына, қалың бұқараға: «беделді адамдарға және байларға қарсы 
шығып, олардың малын тартып алып жатқанын» хабар етті. 
Мұның бәрі майданға адам алу кезінде ауылда тап күресінің ши-
еленіскенін, байлар мен билердің, молдалардың патша үкіметіне 
жәрдем бергенін көрсетеді.
Революциялық қозғалыстың күшеюінен қорқып, Ресейдің 
империалистік буржуазиясы патша үкіметінің режимін «про-
гресшілдік негізге» құруға ұмтылды. Думада «прогресшіл блок» 
құрылды. Бұл блоктың мақсаты – Ресейдің империалистік соғыста 
жеңіп шығуын ұйымдастыру жаңа революцияшыл қозғалысқа 
қарсы күресу болды. Буржуазия Думадан тыс соғыс өнерлі 
кәсіп комитеттерін және «Земгорсоюз» дегенді құрып, соғысты 
ұйымдастыру жағын және шаруашылықтың бүліншілігімен 
күресу ісін өз қолына алуға тырысты. Бір жағынан, қалың бұқара 
алдында беделін сақтау үшін буржуазия патша үкіметін сынаған 
болды, өзін қалың бұқараның «қорғаушысы» етіп көрсетуге ты-
рысты. Орыс буржуазиясының бұл айласына эсерлер, обороншыл-
меньшевиктер, трудовиктер, халық социалистері және басқалар 
жәрдемдесті. 
Қазақтың буржуазиялық интеллигенциясы орыстың империа-
листік буржуазиясының саяси программасын қоштады. «Қазақ» 
газетінің 1916 жылғы марттың 23-де шыққан санында Әлихан 
Бөкейхановтың «Петроградтан хат» деген программалық мақаласы 
басылды. Бөкейхановтың бұл мақаласында Қазақ буржуазиясының 
ұлтшылдары империалистік буржуазиямен көбіне одақ жасағаны, 
қазақ халқының негізгі тілектерін аяққа таптағаны анық көрініп 
тұр. 
Ресейдегі артта қалған басқа елдердің буржуазиялық интел-
лигенциясы сияқты, қазақ буржуазиясының интеллигенциясы 
да «прогресшіл блокке» қосылып, Ресейдің империалистік бур-
жуазиясымен одақ жасауды қоштаған. Қазақстанда Бөкейханның 
«орыс ұлтшылдарын», басқаша айтқанда, Ресей патшалығының 
помещиктерін үркітіп алмау үшін «жақындаған» талаптарды ғана 
қойған.
Мұсылмандар фракциясы көбінесе ождан азаттығына байла-
нысты мәселелерді көтерген. Мұндай мәселелерді көтеру тегін 


215
емес. Өйткені, дін жөніндегі теңдікті, муфтиятты қайта құруды 
қоштап, ұлтшыл буржуазия интеллигенциясы сол мұсылман мол-
даларына және байларға сүйенгісі келді, оның арқасында «жалпы 
халықтың қорғаушысы» болып көрінуге тырысты. 
«Прогресшіл блоктың» мақсатын, бұратаналар мәселелеріне 
көңіл қоймайтынын қазақ буржуазиясының интеллигенциясы 
жақсы білді. Сонда да қазақ буржуазиясының интеллигенциясы 
онымен «келіске» келіп, Ресейдің империалистік буржуазиясының 
партияларына өздерінің шолақ талаптарын өткізбек болды. 
Бірақ мұнан ауызға аларлық нәтиже шықпады. «Прогресшіл 
блок» мұсылмандар фракциясының ұсыныстарын қараудан бас 
тартты, сонда да мұсылмандар фракциясы көп мәселелер жөнінде 
блокты қоштады. 
Орыс буржуазиясы партияларының тактикасы өзіне бөгет, 
болмайтының көргеннен кейін Ресейдің соғыс феодалдық импе-
риализмі еркіндеп алды. 1916 жылы июньнің 25-де 19 жас пен 31-
дің арасындағы «бұратаналарды» майданға алу туралы жарлық 
шығарды. 
Қазақ буржуазиясы интеллигенциясының басшылары бұл жар- 
лыққа қалай қарады?
1916 жылы августын 11-де «Қазақ» газетінің
249
192-санында 
«Қазақ халқына үндеу» жарияланды. Бұл үндеуге бірінші мемле-
кет думасының мүшесі болған Бөкейханов және «Қазақ» газетінің 
редакторлары – Байтурсынов пен Дулатов қол қойды. Олар қазақ 
халқын тыныштануға, майданға адам беруге шақырды. Августтың 
10-да Ташкентте А.Н. Куропаткинге жолыққаннан кейін М. Ты-
нышпаев та телеграмма арқылы Пишпек қырғыздарына осындай 
үндеу таратты. 
1916 жылы ноябрьдің 30-да «Қазақ» газетінің 207-санында 
алашордашылардың Байтұрсынов, Қадырбаев
250
, Дулатов және 
Тунғанчин
251
қол қойған жаңа уәдесі жарияланды. Олар патша 
үкіметіне қарсы көтерілген Торғай және Ырғыз уездерінің ел-
дерін «патшаның бұйрығына бағынып, майданға адам беруге» 
шақырды, патша үкіметінің күшті екенін, көтеріліс шығарған 
елдерге әскер жіберіп қырғынға ұшырататынын айтып, елді 
қорқытып, бағындыруға тырысты.
Сөйтіп, алашордашылдар патша үкіметінің елден жігіт алуы-
на мейлінше жәрдем көрсетті. 
Майданға жігіт алудан бас кезінде полиция бұл жұмысқа 
жәрдемдесетін комитеттер құрды. Бұл комитетке қазақтың болыс-


216
тары мен ақсақалдары да кірді. Әлихан Бөкейханов қазақтың пат-
ша үкіметіне арыз беруіне де қарсы шықты, соғыс болып жатқанда 
мұндай арыз беру ұят, деді. 
Қазақ буржуазиясының ұлтшылдары майданға алынған жігіт-
терге бастық болуға, сөйтіп «ұлт тілегін» қорғауға тырысты; бур-
жуазия ұлтшылдарының беделін нығайту үшін қазақ еңбекшілері 
жасаған көтерілістің жеңілісінен пайдалануға тырысты. Артта 
қалған «мұсылман» халықтарының буржуазиялық интеллиген-
циясы бұл мәселеге келгенде бір ауызды болды. Петроградта 
мұсылмандардан майданға алынғандарға жәрдемдесетін бүкіл 
Ресейлік комитеті құрылды. Қазақ буржуазиясының интеллиген-
циясы майданға жігіт алу жұмысын өздері басқарып, буржуазия 
ұлтшылдарының позициясын нығайтқысы келді
1916 жылы октябрьдің 15-де «Қазақ» газетінде, Қазанда оқып 
жатқан қазақ студенттерінің ашық хаты жарияланды. Қазақ сту-
денттері ашық хатында патша үкіметінің жарлығына бағыну ке-
рек екенін білдірді, онымен қатар, өздері майданға алынғандар 
арасында және елде қызмет етуге даяр екенін айтты. Бұл хат қазақ 
интеллигенциясының демократияшыл топтарының едәуірі буржу-
азия ұлтшылдарының көсемдеріне ергенін, қазақ студенттерінің 
қалың бұқарадан қол үзіп қалғанын көрсетеді. 
Қазақ буржуазиясының интеллигенциясы, «халыққа бас бо- 
луға» тырысты. Бірақ, іс жүзінде қалың бұқараның тілегіне көңіл 
бөлмеді. 
Бай балалар қазынаның жұмысына орналасты, өтірік ауру бо-
лып қалды, орындарына адам жалдап жіберді. Ел ішіндегі болыс, 
билер, атқа мінерлер пайда-пара алып, елді жеді. Майданға ылғи 
кедейлердің және орта шаруалардан балалары кетті. Кедейлер 
атқа мінерлердің, әкімдердің алдағанына еріп, оларға пара бер-
ді, ақтық қалған жалғыз малын сатты, шаруасы бүлінді, онымен 
де құтылып қала алмады, ақыры майданға айдалды. Майданға 
кеткендердің елде қалған үйлеріне қазына еш бір жәрдем бермеді, 
қатта жергілікті әкімдер алым-салыққа қалған жалғыз-жарым 
малдарын қағып алды. 
Соны мен майданға адам алудың барлық ауыртпалық қазақ ке-
дейлеріне түсті. Мұның нәтижесінде кедейлер мен байлар жаңа 
болыстар арасында талай жерде ұрыс болды. 
Қамқорсыған буржуазия ұлтшылдары мұның бәрін көрмеді, 
көрсе де көрмеуге, білмеуге тырысты. «Қазақ» газеті бұл уақытта 
ұлт бірлігін күшейтуге, ақсақалдарына «қадірлі адамдарға» 


217
сағынуға шақырып, ұран салып жатты. Қазақ буржуазиясының ин-
теллигенциясы Земгорсоюз ұйымдары арқылы, майданға барған 
жігіттерді өздері басқаруға тырыстығ қазақтың оқығандарын Зем-
горсоюзда қызмет етуге шақырды. 
Бірақ, олардың ұлт бірлігін күшейтуге шақыру тап қайшы- 
лықтарын жасыра алмады. Майдандағы жігіттер арасында ғана 
қызмет етуге шақырып, толғағы піскен саяси мәселелерді сөз 
қылмаған қазақ буржуазияшыл интеллигенциясының қалың 
бұқара алдында беделі болмады. 
Ақсақалдарға, тілмаштарға, байларға қарсы наразылық бірден-
бірге күшейе берді. «Қазақ» газеті ақсақалдарды ақтауға тырысып 
«тізімнің дұрыс жасалмауына ақсақалдар айыпты емес, өйткені 
жігіт алатын комиссияларға олардың сөзі өтпейді» дегенді айтты. 
Қазақ буржуазиясының интеллигенциясы орыс буржуазиясы-
на жағынып, олардың аяғына жығылып жүргенде, Торғай облы-
сында, Жетісу облысында халық патша үкіметіне қарсы көтеріліп, 
соғыс болып жатты. Патша үкіметінің әскері қазақ буржуазиясы 
интеллигенциясының және қазақ байларының жәрдемімен елді 
қырғынға ұшыратты. Жетісудағы қазақ және қырғыз халқының 
жартысынан көбі Қытайға қашты. 
Қазақ халқының патша үкіметіне қарсы ұлы күресі кезінде қазақ 
интеллигенциясының және байларының істеген ісі, ұстаған бағыты 
буржуазия ұлтшылдарының масқара болып әшкереленгенін, 
қалың бұқара алдында беделі қалмағанын көрсетті. 
Майданға адам алу дәуірі қазақ ауылында тап күресінің онан 
сайын күшеюі дәуірі болды. Қазақ кедейлері мұнан тәжірибе 
алып, байларға қарсы жаңа буржуазияның ұлтшыл интеллигенци-
ясына қарсы тап күресіне үйренді сол тәжірибе арқасында, қазақ 
еңбекшілері орыс пролетариатымен достығын күшейтіп, күлін 
көкке ұшырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет