«АҚШ-тың халқы» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
1.
2.
|
Сынып
Тақырыбы
|
11 сынып
«АҚШ халқы»
|
3.
|
Сабақтың мақсаты
|
АҚШ халқының табиғи өсімін, діни және ұлттық құрамын, халқының орналасу ерекшеліктерін ашу, халық санының өзгеру себептерін талдау, байырғы халқы – үндістердің проблемасының шешу жолдарын іздестіру.
|
4.
|
Сабақтың міндеттері
|
АҚШ халқының саны, ұдайы өсуі, халқының орналасу ерекшеліктері туралы білу;
Халық санының өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтау, байырғы халқы – үндістердің проблемасының шешу жолдарын іздестіру.
Карта, диаграммалар, кестелерді өз бетімен талдай отырып, тұжырымдама жасап, ойларын еркін жеткізе алуы.
|
5.
|
Күтілетін нәтиже
|
АҚШ-тың халқының өсу заңдылықтарын біледі.
АҚШ иммиграция елі екенін дәлелдейді.
|
6.
|
Сабақтың типі
|
Саяхат сабақ
|
7.
|
Әдістері
|
«Билеттер» бойынша топтастыру;
«Инсерт» әдісі.
«Сиқырлы кемпірқосақ» әдісі.
«ПОПС» әдісі
«Алты қалпақ» әдісі.
«Бағдаршам» әдісі.
«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс.
Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
|
8.
|
Бағалау
|
Бағалау шкаласы, критерий арқылы бағалау.
Топтық, жұптық бағалау
|
9.
|
Ресурстар
|
АҚШ физикалық картасы, кір жаятын жіп, ілгіш, қима қағаздар, постер, маркерлер, стикерлер,
|
8.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
9.
|
Ұйымдастыру кезеңдері
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
«Билеттер» әдісі арқылы 3 топқа топтастырамын.
Мұғалім оқушыларға кемеге міну үшін билет алуды тапсырады. Кемедегі орындарға жайғасуды сұрайды.
Мұғалім: Барлығымыз мына алынған билеттерге байланысты топқа бөлінейік.
1. Жерінің ауданы қанша?
2. Америка қай жылы ашылды, кім ашты, кімнің атымен аталған?
3. АҚШ қандай ірі аймақтарға бөлінген?
4. Мемлекеттік құрылымы қандай,неше штаты бар?
5. Жер көлемі жөнінен нешінші орын алады?
6. Эконом-географиялық жағдайы қандай?
7. АҚШ қашан, қай жылы пайда болды?
8. Ең биік және ең төмен жері?
9. АҚШ-тың “үшінші теңіз жағалауы” деп қай көлдерді атайды?
10. Ең ірі СЭС-і қай өзенде, қалай аталады?
11. АҚШ құрлықта қай елдермен шекараласады?
12. Халқының саны жөнінен АҚШ дүние жүзінде нешінші орын алады?
|
Кемеге билет сатып алу арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар сатып алған билеттер бойынша жайғасады.
|
1
|
«Миға шабуыл»
|
Үстелдің үстінен әріптері бар карточкалар алу тапсырылады. Әріптерден сөйлем құрау керектігін айтады. «Еуропалықтар», «африкалықтар», «үндістер» атты сөз шығады, осыдан сабақтың тақырыбын ашады.
Мақсаты айқындалады.
Балалар! Мына суреттен не көріп тұрсыңдар? Сурет туралы ойларын айтқызады.
Осы сұраққа жауап беріп көрейікші.
|
Әріптердің қиындылары арқылы сөйлем құрайды.
Оқушылар сабақтың тақырыбын мақсатын анықтайды.
Оқушылар сурет туралы ойларын айтады.
|
11.
|
Қызығушылықты ояту.
Бейнежазба көру
Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
«Инсерт» әдісі
3мин
Картамен жұмыс
Тест тапсырмасы
Жұптық тексеру
3 м
Топтық тексеру
|
АҚШ не үшін иммиграция елі деп аталғанын біліп, халқының өсуі заңдылықтарын, орналасуын, ұлттық және діни құрамын анықтауымыз керек..
№1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс «Инсерт» әдісі.
1-топ: АҚШ-тың табиғи өсу көрсеткіші.
2-топ: Халықтың ұлттық және діни құрамы.
3-топ: Халықтың орналасуы, тығыздығы.
№2 тапсырма. Сөйлемді аяқта
Америка құрылығына бірінші көші-қон толқын шамамен .................. мың жыл бұрын адамдардың ........................... ағылуымен басталды.
Қазіргі таңда, Америкада .................. миллионнан астам адам өмір сүріп, әлем халқының шамамен .............% құрайды.
Қазіргі АҚШ халқы ................................. қосылуы нәтижесінде пайда болған жас ұлт.
Американың байырғы халқы .................
Еуропалықтар Америка құрлығына .......................................... елінен көшіп келді.
Нью-Йорк қаласының алғашқы атауы ............................................ қаласы болды.
№3 тапсырма. Астаналарын тап.
Төменде көрсетілген ел атауларын олардың астаналарымен сәйкестендір.
Бразилия Буэнос-Айрес Мехико Оттава Вашингтон
Аргентина
Бразилия
Канада
Мексика
АҚШ
Халқы санының өсуі Халық санының азаюы
Соғыстар
Құл саудасы
Эпидемиялар
Эммиграция
Бала туу көрсеткішінің өсуі
Иммиграция
|
1-топ: Еуропалықтар.
2-топ: Африкандықтар.
3-топ: Үндістер.
Оқушылар берілген тақырыпшалармен оқыптанысады. Топ ішінде «Инсерт» әдісі арқылы тақырыпты талдайды.
«Инсерт әдісі» бойынша мәтінді түртіп отырып оқиды.
Тапсырма бойынша сөйлемді аяқтайды.
Әр елдің астаналарын табады.
Халық санының өсуі мен азаюының себептерін айқындайды.
Топ басшылары бағалап отырады.
|
12.
|
«Ой толғау» 3ұпай
/5 мин/
Шығармашылық топпен жұмыс
Бейнежазба көрсету
«Сиқырлы кемпірқосақ» әдісі.
«Попс» әдісі
Сабақты бекіту.
|
№ 5 тапсырма. Алты қалпақ«» әдісі
1-топ: АҚШ-тың халқы
Оқушыларға «Ойлаудың алты қалпағы» арқылы АҚШ халқы туралы хабарлама дайындау тапсырылады.«Алты қалпақ» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс алынады.
Әр оқушыға 1 қалпақтан ұсынылады.
«Үндістер өмірі» бейнежазба көрсетіледі.
«Сиқырлы кемпірқосақ» әдісі.
«Халық санының өзгеруіне әсер еткен факторлар»
16 ғасырдан бастап 21 ғасырдың басына дейін Америка халқының өсуіне және азаюына әсер еткен факторларды рет-ретімен белгілеңіз.
«ПОПС» әдісі
3-топ:«Американың ашылуы үндістер үшін қолайлы болды ма»?
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсатында өз ойларын еркін жеткізу.
«ПОПС» әдісі
I - Өз позицияңды ұстау: «Американың ашылуы үндістер үшін қолайлы болды ма?»
П – позиция (көзқарасы) – менің ойымша…
О – өз көзқарасыңды негіздеу - (себебі)…
П – дәлел (факты) - мысалы…
С –Шешім (қорытынды) – сол себепті....
Сұрақтар арқылы сабақ бекітіледі.
|
Әр қалпақ бойынша АҚШ халқын сипаттайды. Әр 2 қалпақ киген оқушы сабақтан алған білімдері мен әсерлерін баяндайды.
Бейнежазба арқылы білімдерін толықтырады, өз ойларын ортаға салады.
«Сиқырлы кемпірқосақ» әдісі арқылы
16 ғасырдан бастап 21 ғасырдың басына дейін Америка халқының өсуіне және азаюына әсер еткен факторларды рет-ретімен белгілейді.
Өз ойларымен жеткізуге тырысады.
Өз позициясында тұруға тырысады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
12
|
Бағдаршам»_әдісі__Бағалау'>Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру.
«Бағдаршам» әдісі
Бағалау
|
§7. «АҚШ халқы» тақырыбына презентация жасау.
«Бағдаршам» әдісі
Бағдаршам – бұл әдіс арқылы оқушылардың осы сабақта алған білімдерін қалай қабылдағанын және қалай түсінгендерін біліп, көмек қажет оқушыларды анықтай аламыз.
Қызыл түс - түсінбедім.
Сары түс – әлі сұрақтарым бар.
Жасыл түсі - маған бәрі түсінікті.
Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды
Балды бағаға айналдыру шкаласы
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
22- 25 балл
|
18-21 балл
|
11- 17 балл
|
0-10 балл
|
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Оқушылар қолындағы қызыл, сары, жасыл түсті карточкаларды көтеру арқылы түсінген, түсінбегендігін білдіреді.
Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды
Өзара бағалау, мадақтау. Ең көп ілінген стикер жапсырылған топ «Білім шыңына» шығады.
|
13
|
Кері байланыс
|
Мұғалім оқушыларға стикерлерді ұсынып өз ойларын жазуды ұсынады.
|
Оқушылар стикерлерге сабақта үйренгенін, өздерінің көңіл күйлерін белгілеп тақтадағы көңіл күй баспалдағына жапсырады.
|
|
Қосымша білім
|
Сабақта өз бетімен АҚШ халқы туралы мәлімет іздейді.
|
|
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «АҚШ халқы»
География пәнінің мұғалімі: Имашева Эльмира Қуанбайқызы
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |