Ақша деген -көз алдаушы, өз өзіне қаратар



Дата18.11.2019
өлшемі15,12 Kb.
#52009
Байланысты:
тенге туралы

Ақша деген....

Ақша деген –көз алдаушы, өз өзіне қаратар,

Секілді ол баурап алған бұйымдарға пара пар.

Бірде бар боп, бірде жоқ боп, қуантады мұңайтып

Ақылы бар адам болса дұрыс оны жаратар.
Ақша деген айырбастың құралы боп саналар,

Бірі кете бірі келіп ауысады жаңалар.

Бәсекелес болып жатқан мына заман нарықта,

саудадада сол система,өсіп жатыр бағалар.

Ақша кейде қалай келе , олай кетіп шашылар,

Ойланбай сен жұмсап қойсаң,басың сонда қасылар.

Маңдай термен ақша тапқан

Адал жолға апарса...

Жаман жолмен келген ақша,шарықтап кеп басылар.
Маңдай тер төгіп тиыннан ақша жиналар,

Біреулер оны таба алмай іштей қиналар.

Жұмысқа арыз,жан жаққа қарыз адамдар

Амал жоқ келіп,несиеге де ұрынар.

Ақша деген жақсы зат,түсіне білген адамға,

Бетіне қарап жаратсаң,күлімдеп қарар сағанда.

Қадірін білмей теңгенің көшеге шашсаң көлдей ғып,

Көрсетер саған таршылық,Сахарадағы шөлдей ғып...


Қазіргі нарық бұл күнде ,ақшасыз жүру мүмкінбе?

Қымбаттап кеткен базарда,ас –ауқат ,дүние мүлкіңде.

Тамағың , киім – кешегің тірлікте бәрі керек қой,

Мұқтажсыз өмір сүруге,көп ақша табу керек қой.

Көп ақша табу үшін де,жұмыс пен еңбек керек қой.
Маңдай тер адал еңбекпен ,табылған тиын-тебенің,

Көңіліңді толтырар,бір уыс нанды жегенің.

Жаратушы бір Аллам,жаса деп берген кәсіпті...

Білсең тиын қадірін,арттырар өзі нәсіпті.

«Табыс»

Мұқағалидай ақыны бар,



Шәмшідей дүлділі бар,

Бибігүлдей бұлбұлы бар

Нұрсұлтандай нұры бар

Елім дейтін ұлы бар,

Барын бағалай білетін

Тұлпарын танып тағалай білетін,

Айбынды ата жұрттың ұрпақтары

Табысың шабысыңа сай болсын!



Ұрпағымыз мәңгіге бай болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет