«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы


 - тақырып. Несие және несиенің формалары



Pdf көрінісі
бет12/55
Дата10.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157579
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАГЫ АНБ
1542728126, 1549168058
3 - тақырып. Несие және несиенің формалары. 
 
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың 
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен 
қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. 
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың 
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір 
қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас 
кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. 
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. 
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалык негізіне капитал 
айналымын жатқызуға болады. 
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша 
пайдалануга (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете 
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік 
қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен занды және жеке тұлғалардың 
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде 
жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін 
ссудалык капиталға айналады. 
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар.
Несие — 
бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық барлық несиелік 
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және 
сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын біддіретін кең ұғымды 
сипаттайды. 
Ссуда — 
бүл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын 
несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді. 
Экономикалық категория ретінде, 
несие — 
кәсіпорындар, ұйымдар және 
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды 
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға 
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. 
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен 
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей 
қызметтерді атқарады: 


• қайта белу; 
• айналыс шығындарын үнемдеу; 
• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру; 
• капиталдың шоғырлануын жеделдету; 
• ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. 
Несиенің формасы — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың 
негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер 
барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай 
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады. 
Несиенің екі формасы бар: 
тауарлы 
және 
ақшалай. 
Мұндағы тауар 
түрінде берілетін несиені - 
коммерциялық, 
ал ақша түріндегі несиені — 
банктік 
деп атайды. 
Қалған несиенің түрлері осы екі формасының тәжірибеде қоддануынан 
туады. 
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға 
берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп 
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің 
бұл формасының басты мақсаты -тауарлардың өту процесін жеделдету
сондай-ақ одан пайда табу. 
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен 
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды 
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. 
Мұндай жағдайда, айналыс кұралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген 
соманы уақытында төлейтіндігін куәлаңдыратын арнайы қарыздық 
міндеттеме - 
вексель 
қолданылады. 
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы төмендегідей: 
• қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе 
қызметті сатумен айналысатын кез келгеп заңды тұлға бола алады; 
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі; 
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; 
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз 
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады; 
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленін заңи 
түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының 
құнына қосылады. 
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай 
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бүл экономикадагы кеңінен тараған несислік 
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік 
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік 
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз 
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы 


ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. 
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу. 
Банктік несиенің түрлеріне мыналар жатады: 
1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлгаларга тұтыну тауарларын сатып алу 
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, 
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ 
мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру, 
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4.
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге 
берілетін банкаралық несиенің түрі
5.
Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша 
өтелетін қысқа мерзімді несие.
6.
Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін нсиесі.
7.
Ломбардтық несие 
— 
тез іске асатып бағалы заттарды немесе 
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8.
Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты 
берілетін несие. 
9. Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай 
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде 
пайдаланылатын несие.
10.
Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары 
клиенттерге берілетін несие.
11.
Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты 
мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға 
араналған несие. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет