Асхана қызметіне сауалнама Мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандыра ма?



Дата09.01.2020
өлшемі60,21 Kb.
#55570
Байланысты:
асхана сауалнама


Асхана қызметіне сауалнама
1. Мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандыра ма?

Иә

Жоқ



2. Мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету тиімді деп санайсыз ба?/

Иә

Жоқ



3. Сіздің асхана тазалығына көңіліңіз тола ма?

Иә

Жоқ



4. Тамақтану кестесін дұрыс деп есептейсіз бе?

Иә

Жоқ



5. Күнделікті ас мәзірі сіздің көңіліңізден шыға ма?

Иә

Жоқ



6. Сіздің тамақтану сапасына көңіліңіз тола ма?

a)иә,толығымен көңілімнен шығады

b)жалпы толады, бірақ кейде ұнатпаймын

c)жоқ, менің тамақ сапасына мүлдем көңілім толмайды



7. Егер Сіздің тамаққа көңіліңіз толмаса, нақты неге көбірек шағымданасыз?(бірнеше нұсқаны таңдауға болады)

a)мектеп асханасының тазалығына күмәнданамын

b)тамақтануға уақыт жетіспейді

c)мектепте тамақтану денсаулыққа кері әсер етеді (тамақтанғаннан кейін жағымсыз әсерде боламын т.с.с)

d)мектепте тамақтану дұрыс тамақтану нормасына сәйкес келмейді

e)мектепте тамақтану диетама (емдәміне) сәйкес келмейді

f)тамақтың дәмі ұнамайды

g)асханада тамақ мөлшері өте аз беріледі

h)мектеп асханасында тағам түрлері аз

8. Мектеп асханасында Сізге сапасы нашар тамақ жиі беріледі ме?

a)жиі


b)анда - санда

c)кейде


d)ешқашан

e)білмеймін



9. Мектепте тамақ сапасын қадағалайтын коммисия құрылған ба?

Иә

Жоқ



Білмеймін

10. Сізге мектеп асханасындағы қызмет көрсетуі және безендірілуі ұнай ма?(бірнеше нұсқаны таңдауға болады)
Мектеп асханасында тамақтану бойынша Сіздің ұсынысыңыз

a)ыдыс - аяқ (тарелке, кесе т.б.)

b)жиһаздар (үстел, орындық т.б.)

c)асхананың жарықтандырылуы және безендірілуі

d)тамақтануды ұйымдастыру (үстел жасау, жинау)

e)гигиеналық талаптар мен шарттарды ұстануы (қол жуғыштардың жағдайы, жуу құралыжәне т.б.)

f)асхана қызметкерлерінің қызмет көрсетуі


Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы

2019 – 2020 оқу жылы

2019 жыл 25 қазан күні мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды.

Тексеру жүргізгендер:

1) Ата-аналар комитетінің төрайымы: Найманшалова Р.

2) Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Карымбаева А.

3) Мектеп медбикесі: Қозыбаева Н.

4) Әлеуметтік педагог: Әмірханов Е.

 

Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:



Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.

 

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:



«Алғабас орта мектебі» КММ-нің ыстық тамақпен қамтылуы мектептегі 107 оқушының 60-ы тегін ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен 30 оқушы қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог Әмірханов Е. қадағалайды.

Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының - 82 % құрайды.

Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.

Шешімі:

1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.

2. Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.

3. Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.

4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде

Ұсыныс:

1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.

  

«Мектепте берілетін ыстық тамақ» сауалнама




1. Мектепте берілетін тамақ
а) дәмді
б) дәмсіз

2. Мектептегі тамақ
а) тойымды
д) тойымсыз

3. Мектептегі тамақ
а) күніге бір тамақ қайталанады
б) күніге әр түрлі тамақ беріледі

4. Мектепте жеміс – жидек
а) беріледі
б) берілмейді

5. Мектептегі ішкен тамаққа
а) ақша төлеймін
б) тегін беріледі
Амангелді атындағы орта мектеп

Әлеуметтік педагогтың «Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған» оқушылармен жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы




Алғабас орта мектебінде әлеуметтік педагог 09.12.2019 жылы 1-сынып және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылармен сауалнама жүргізді. Сауалнамада 5 сұрақ болды. Барлығы ... оқушыдан сауалнама алынды.
Қорытынды нәтижесінде:
1 – сұрақ бойынша мектепте берілетін тамақ дәмді деп 100% жауап берді.
2 – сұрақ бойынша мектептегі тамақ тойымды деп 100% жауап берді.
3– сұрақ бойынша мектептегі тамақ күніне қайталанбайды деп 100% жауап берді.
4 – сұрақ бойынша мектепте жеміс – жидек беріледі деп 100% жауап берді.
5 – сұрақ бойынша мектептегі ішкен тамаққа ақша төлемейміз деп 100% жауап берді.
Мектеп асханасы оқушыларды уақытылы сапалы тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Оқушылардың асханаға деген, аспазшыларға деген ешқандай қарсы пікірлері жоқ.

Орындаған: әлеуметтік педагог: Әмірханов Е.Е.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет