Пікірталастың ережелері:
спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;
қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпау керек («дұрыс емес!», «келіспейміз!», «жалған!», «біздің ойымыз ғана дұрыс!» деген сияқты);
егер келіспесеңіз, тек қарсы жақтың көзқарасын айқындайтын сұрақ қана қоюға болады.
Пікірталас соңында студенттерден «Қай жақ жеңді?» деп сұрауға болады. Егер студенттер жеңісті біреуге беретін болса, онда оларды келесідей ұғымға сұрақ қою арқылы алып келу керек секілді:
- пікірталас ақиқатқа жетудің тиімді тәсілі;
- пікірталас әркімнің өз көзқарасын айқындауға зор мүмкіншілік береді;
- пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |