Құрастырылған (конструктивтік) білім іздену, тану және ой-толғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекеттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды «игеру» сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекеттер арқылы зерттейді.
Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруыменбайланысты, яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері,