Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқытушы келесідей мақсаттарға жетеді: - үйрену процесіне қатысушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады;
- үйренушілер туындаған сенімсіздік пен қобалжудан («Бұл жұмысты мен орындай алар ма екенмін?», «Жұмысты орындай алмасам қайтемін?», «Ұят болып қалмас па екен?»), қорқыныштан («Мені жазаламас па екен?», «Басқалар менің жұмысымды сынап немесе мені күлкіге жығып кетпес пе екен?») арылады;
- әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға (көрсете білуге) жағдай жасалады;
- үйренушілер арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;
- үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылдық қағидаларды ұстанады.