Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдануасхат әлімов



бет1/6
Дата02.02.2022
өлшемі200,35 Kb.
#117032
  1   2   3   4   5   6

АСХАТ ӘЛІМОВ             АСХАТ ӘЛІМОВ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНУАСХАТ ӘЛІМОВ

Орындаған:Айсин.Н.Т

Тексерген:Тлеуова.А.З ф.ғ.к


Постиндустриалды дәуірдің білім жүйесі туралы ұстанымдары

 

Білімге деген жаңа көзқарастар мен түсініктер

Білім «беру» ме, «алу» ма?

«Білім беру» мәселесі туралы әңгіме қозғамас бұрын, бұл атаудың аталмыш процестің мазмұны мен мәнін толық ашпайтындығы жайында айту керек секілді. Өйткені бұл термин тұжырымдамалық және практикалық тұрғыдан көптеген күмәнді сұрақтарды тудырады: Неліктен «білім беру» - «білім алу» емей? Және де кімге «беру»? Білімді «берген» дұрыс па, жоқ әлде «алған» дұрыс па? Білім саласында мақсат қандай болмақ: «алу» ма, жоқ әлде «беру» нәтижелері ме? «Білім беру» ұғымы бір жақты процесті, яғни «берушінінің» белсенділігін ғана меңзеп, «алушыны» бәлсенді (ықтиярсыз, ырықсыз, пассив) етіп көрсетпей ме? Мұнда басты рөлді «үйретуші», «білім беруші» атқара ма? Ал «білім алушының» мақсаттары мен атқаратын рөлі қандай болмақ?

«Білім беру» атауы бүгінгі күннің талаптарына сай келмейді деп тұжырымдауға тұрарлық. Өйткені білім игерудің жаңашыл тұжырымдамалары бұл процестің тиімділігі мен нәтижелігін білім алушының белсенділігімен тікелей байланыстырады. Олардың қағидаларына сәйкес, білім басқа біреудің ықпалынан пайда болмайды, мәселен «беру» арқылы. Білім игеру процесі үйретушінің (ұстаздың) басынан білімді үйренушінің (шәкірттің) басына тасымалдау емес, ал шәкірт білімді басында жинақтаушы (банкте ақша қаражатын жинақтау сияқты) емес. Олай болған жағдайда үйрету/үйрену ісі оп-оңай шаруа болып шығар еді: мұнда тек білімді «беруден» шаршамау керек – тықпыштай бер, тықпыштай бер шәкірт басына! Олай болатын болса, адамдардың бәрі де білімді болып кетер ме еді?.. Өкінішке орай, олай емес.

Білімді болу үшін үйренуші еңбектенуі керек, әрекет жасауы қажет. Білім өз басында (миында) пайда болу үшін адам оны есінде сақтап, түсінуі, қолдануы, талдау жасауы және бағалауы қажет. Осылай ғана білімді игеру мүмкін болар. Үйренуші өзін білім игеру процесінің басты тұлғасы ретінде сезініп қана үйренеді.

Білімге тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Білім алушының өзі үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас пен ынта танытуы керек. Қандай керемет ұстаздар болмасын, оқуға еш ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды. Білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді. Ұстаздың мұнда дәстүрлі де үйреншікті «білім көзі», «үйретуші» рөлдерінен бас тартып, оны «ұйымдастырушы», «сабақты жүргізуші», «үйренуге жағдай жасаушы», «жәрдемші», «көмекші», «бағыт-бағдар сілтеуші», «талаптандырушы», шәкірт пен білімнің арасындағы «делдал» рөлдерімен алмастыруы керек. Үйретуші (ұстаз) білім игеру ісінде басты рөлді үйренушіге (шәкіртке) ұсынады.

Сол себепті де қазақ тілінде «білім беру» термині таным процесінің ерекшеліктерін жан-жақты айқындамайды деуге тұрарлық

Оқудың/оқытудың негігі мәселелері

Қалай десек те білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет