Ашық сабақ: Ағынды лас суларды механикалық тазарту Сабақ жоспары: 1. Ағынды суды тазалау әдістері 2. Ағынды суды механикалық тазарту 3. Механикалық тазарту қондырғылары мен ғимараттары
Ағынды суды тазарту әдістері
Механикалық
Лас суды жете тазарту
Биологиялық
Физико-химиялық
Химиялық
- Механикалық жолмен тазарту әдісі - ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың - 95%-ке дейін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.
- Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса - олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал, химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі тәжірибеге енген жоқ.
Механикалық тазарту
Кереге
Сүзгі
Мұнайұстағыш
Тұндырғыш
Майұстағыш
Құмұстағыш
Гидроциклон
Кереге
Майұстағыш
Құмұстағыш
Кереге - Лас су құрамындағы ерімейтін ірі заттарды ұстап қалу үшін керегелер қолданылады. Олар дөңгелек, төртбұрышты және басқа формалы металл стержіндерден жасалады.
- Керегенің стержіндерінің арасынан өтетін лас судың жылдамдығы 1 м/с аспауы керек.
Конструкция-сына байланысты керегелер
Жылжитын
Ұнтақтағыш-пен біріктірілген
Жылжымай-тын
Ұнтақтағыштар - Ұсталынған қалдықтар ұнтақталуы қажет. Ұнтақтау үшін негізінен балғалы ұнтақтағыштар қолданылады. Ұнтақталған қалдықтардың диаметрі 0,1 мм, олар сумен араласып ұнтақталады. Лас су балғалы ұнтақтағышқа өздігімен немесе арынмен түседі. Ұнтақтағыш керегемен бірге немесе бөлек орналасуы мүмкін.
Құмұстағыш - Лас судың құрамында ауыр минералды қоспалар кездеседі, олар тұндырғыштарға және биологиялық әдіспен тазартатын ғимараттарға көп кедергі жасауы мүмкін.
- Құм ұстағыштар ластанған судың құрамындағы ауыр минералды қоспа және құмды ұстауға арналған.
- Лас су шығыны 100 м3/тәу-нен көп болғанда құм ұстағышты пайдаланады. Құм ұстағыштың жұмыс принципі гравитациялық күшті пайдалану арқылы жүзеге асады.
көлденең - судың ағысы айналмалы болады
көлденең - судың ағысы түзу болады
тік - судың ағысы төменнен жоғары
тік - судың ағысы винт тәрізді
тангенциалды құмұстағыштар
аэрациясы бар құмұстағыштар
Судың ағысына байланысты құмұстағыштың түрлері
Тұндырғыш - Тұндыру процесі дегеніміз - судың салмағынан ауыр бөлшектердің тұнбаға түсу процесі
Тұндырғыш
Тік
Көлденең
Радиалды
Судан салмағы аз бөлшектер судың бетіне қалқып шығады. Олар май, мұнай, бензин және тағы басқалар. Бұл заттардан ағынды су майұстағыш және мұнайұстағыштарда тазаланады. - Судан салмағы аз бөлшектер судың бетіне қалқып шығады. Олар май, мұнай, бензин және тағы басқалар. Бұл заттардан ағынды су майұстағыш және мұнайұстағыштарда тазаланады.
Гидроциклон - Гидроциклон — сұйықтықтардағы қалқыма бөлшектерді ірілігі, нысаны, тығыздығы бойынша екі фракцияға ажыратуға арналған аппарат. Өндірісте ауаны шаңнан арылту, сұйықтарды мөлдірлендіру үшін қолданылады
Сүзгі - Суды тұндырғыштарда не мөлдіреткіштерде мөлдіреткеннен кейін оның сапасын әрі қарай жақсарту үшін сүзгілерде сүзеді.
- Сүзгінің түрі сүзгіш материалмен жүктелген, суды жеткізетін, суды жинап әкететін және сүзгіш материалды жуып тазалайтын жүйелермен жабдықталған резервуар тәрізді болады.
Сүзгіш материалы-на байланысты сүзгілердің жіктелуі
торлы сүзгілер
түйірлі сүзгілер
қаңқалы сүзгілер
Лас суды механикалық тазарту схемасы Үйге тапсырма: Ағынды суды механикалық тазарту әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |