Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану
Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар күн сайын білім берудің барлық саласына тереңірек еніп отыр. Бұған күнделікті ақпараттық қоғаммен жəне сəйкесінше мамандарды дайындаудың қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу мекемелерінде қазіргі компьютерлік техника мен программалық қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік жəне мемлекетаралық білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, ақпараттандыру тəжірибесін қажет ететін педагогтар санының артуымен байланысты ішкі факторлар əсер етуде. Бірқатар жағдайда ақпараттандыру құралдарын қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ынтасын арттыруға жағымды əсер етумен қатар, мектеп оқушыларының оқу тиімділігіне арттыруға да ықпалын тигізеді.
«Технология» сөзі грек түбірінен шыққан жəне аудармада өнімді, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу мен қайта өңдеу жəне оларды қолданыстағы заттарға түрлендіру əдістері мен тəсілдері жиынтығын зерттейтін ғылым дегенді білдіреді. Қазіргі таңда бұл сөздің түсіндірмесінде практикалық тапсырмаларды шешуге арналған ғылыми жəне инженерлік білімдерді қолдану қамтылады. Олай болса ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды ақпаратты өңдеу мен түрлендіруге бағытталған технологиялар ретінде есептеуге болады.
Ақпараттық жəне қатынастық технологиялар (АҚТ) – бұл ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру жəне тасымалдау алгоритмін жəне əртүрлі əдістерді, тəсілдерді сипаттайтын жалпылама ұғым.
Жалпы білім беретін орта білім беру саласында қолданылатын Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізінде перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер жатыр. Компьютердің мүмкіндіктері оған енгізілген программалық қамтамасыз етумен анықталады.
Программалық құралдардың негізгі категориялары жүйелік программалар, қолданбалы программалар жəне аспаптық құралдар. Жүйелік программаларға компьютердің жабдықтарымен жəне пайдаланушымен өзара əрекетін қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар түрлі қызметтік немесе сервистік программалар жатады.
Қолданбалы программаларға ақпараттық техологиялардың құрал-саймандары болатын программалық қамтамасыз етулер – мəтінмен, графикамен, кестелік мəліметтермен жəне т.б. жұмыс технологиялары жатады. Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз етуді дайындауға арналған программалар жатады.
Жалпы білім беретін орта білім беру жүйесінде əмбебап офистік қолданбалы программалар мен ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар құралдары мəтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайындау программалары, мəліметтер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық пакеттер жəне т.б. кеңінен таралған.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық жəне кəсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» деп келтірілген (2014 ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |