Білімділік: оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат бере отырып, нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеуге, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт- дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын сұрау:
“ Ұлттық колөнердің түрлері “.
«Сөз мерген» сайысы:
1 топ: «Шебер қолдар»,
2 топ: «Өнерпаздар»
Бұл сайыстың ережесі қазақ халқында көп қолданылатын сөздерге түсінік беру, сол сөзге мақал –мәтел құрап, түсіндіру.
Құрақ құрау бұл аса шеберлікті,шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі .
Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.
Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.
— Құрақ туралы түсінік
Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін — жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ — сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі — ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз.
Құрақ құраумен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әр ұлт әрқалай атайды:
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері — құрақ
Орыс тілінде құрақ құрау өнері — лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері —сашико деп аталады.
Парша- алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата.
Қыжым- сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш.
Тұрмыста қолданылуы
Панно.
Жапқыш.
Көрпе.
Көпшік.
Пайдасы
Қоржын.
Аяққап.
Жастық.
Жерге төсеуіш.
Практикалық жұмыс .
Кіріспе нұсқау. 1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары. 2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу. 3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу. 4. Ашық жерлерін біріктіру. 5. Буйымды дайындау. Ағымды нұсқау. 1-құрақ 1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. 2. Құрақ бұйымын астарлық шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып аламыз. 3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу. 4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу. 5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу. 6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру. 7. 10 – 15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу. 2-құрақ. Астарды қияр алдында матаны жайып үстіне құраған бұйымды орналастырамыз. Құрақ жиегінен жиектеп сызып, сызық бойынша қиып алынады. Қиылған астармен құрақ бұйымды оң бетімен беттестіріп шетіне 1см тігіс есептеп сызып шығамыз, сызылған сызық бойынша көктеу керек. Ал құрақ көрпешенің арасына мақта және жүн салу үшін бір шетінен 10-15см тігілмеген жер қалдыру керек. Бұйымның ашық жерінен жүн немесе мақта салынады. Егер жүн салатын болсақ жақсылап жуып, тазалап кептіріп алу керек. Кепкен жүнді түтіп көрпеше ішіне тегістеп салу керек. Көрпешенің жүнін салғаннан кейін ашық жерін ішкі тігіспен тігеді. Үлкен көрпеше болса, көрпешенің үстінен ұзыннан тепшіп тігеді.
1.Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай?
2.Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата.
3. Европа халқында құрақ құрау қалай аталады ? 4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ?
5.Гүлдің атына байланысты құрақ атауы .
А
Қ
қ
у
Ж
ұ
л
д
ы
з
ш
а
П
э
ч
в
о
р
к
қ
ы
з
ғ
а
л
д
а
қ
С
а
ш
и
к
о
Тест
1.Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
А.4 Б.2 Ә.5 В.3
2.Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
А. 19-20 Б.17-18 Ә. 15-16 В. 16-17
3.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
А.Зооморфты Б. Геометриялық Ә.Космогоникалық В. Тұрмыстық
4.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?
А.Word Б.Paint Ә.Power Paint B. Exsel
5.Сегізжапыраққұрағықайтопқажатады?
А.Өсімдік тектес Б.Космогоникалық Ә. Геометриялық В.Тұрмыстық
6.Жапонхалқындақұрақөнеріқалайаталады?
А.Печворк Б.Лоскутная техника Ә. Patchwork В. Сошико
7.Құрақтыңсәндіболуынесінебайланысты?
А. Үлгісіне Б.Тігісіне Ә. Көлеміне В. Орындалуына
8.26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?
А. Қызғалдақ Б. Аққу Ә.Жұлдызша В.Иықты
9.Құрақ құрау қандай ма териалдан жасалады?
А.Былғары Б. Мата Ә. Тері В. Полиэтилен
10.Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?
А. 15-20мм Б.2-3 мм Ә. 20-25мм В. 5-10мм
Дұрыс жауаптар:
1. ә
2. а
3. ә
4. б
5. а
6. в
7. а
8. а
б
в
IV. Қорытындылау. Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарымен жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен, тігін тігумен айналысқан жөн. Бағалау.