Ашық сабақтардан үзінді



бет3/4
Дата22.06.2017
өлшемі1,91 Mb.
#19871
1   2   3   4

Математика пәнін оқытудың сапасын көтеру ақпаратты технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыру болғандықтан, қолданылатын әдіс-тәсілдер қазіргі заман талабына сай оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға әсер етуі қажет. Сонымен қатар ақпаратты технология оқушының және мұғалімнің ақпараттық мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

Сондықтан менің әдістемелік тақырыбым: «Ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану» . Оқушының дүниетанымын кеңейту, жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге бағыт беру, жол көрсету арқылы әдістемелік жұмыс тақырыбымның негізін қаладым және тақырыпты жүзеге асырудағы негізгі мақсатымды айқындадым:

Математика сабақтарында әрбір оқушының өзінің танып білу қызығушылық бағытын дамыту және іздену мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.

Міне, алға қойған мақсатқа жетудегі бірнеше мәселелер, менің міндеттерімді құрайды.

Педагогикалық қызметтің міндеттері



  • Оқу-үрдісінде оқушылардың танымдылығын, белсенділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;

  • Оқушылардың сабақ үстінде өз көзқарастарын білдіріп, негізгі ойын даралап ала білуге дағдыландыру;

  • Терең білім бере отырып, шығармашылықтарын дамытып, оқушылар-дың дүниетанымын кеңейту ;

  • Ақпаратты технологияларды математика пәнінде қолдануы жайлы мәселелер айналасында сараптама жасау арқылы білім сапасын арттыру;

  • Математика сабағында білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік жүйенің оқу құралдарын тексеру;

  • Оқу үрдісін жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік даярламалар құрастыру;

Математика пәнін өзіндік меңгеру :

Әр оқушының белгілі бір қабілеті болады. Сондықтан оқушының қабілетін анықтау мақсатында қолданатын арнайы құралдар: тест, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, сауалнамалар арқылы анықтап, болашақта сол қабілеттерді сабақ барысында дамыту. Топтық қызметті ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен топтық жұмыс жүргізу барысында әр оқушы оларда не күтілетінін түсінуі үшін, оқушыларға арнайы нұсқаулар, кеңестер беру арқылы олардың топтық жұмыс жүргізу біліктілігін дамыту .

Оқушының ойлау және өзіндік білім алу қабілетін дамыту:

Оқушыларға білім берудің барлық сатысында берілетін әр деңгейлі тапсырмалар оқушының өзіндік білім алуын қамтамасыз етеді. Оқушының танымдылық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, бұл тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін оятады.



Оқушының өзіндік білім алуы, алған мағлұматты жетік меңгеруіне септігін тигізіп, өзіндік ойлау қабілеті, зейінін алған мағлұматты талдау барысында дамиды. Коммуникативтілігі, оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, кіші топтарда жұмыс жүргізу барысында проблемалық тапсырмаларды орындау арқылы бірігіп жобалар құрасытуға жағдай жасай отырып, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.

2009-2012жылдар аралығында «21ғасыр педагогикасы» 3-жылдық курсты оқып үйрендім. Мұнда математика сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор екеніне көз жеткіздім.

XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде математика пәнін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Заманауи сабақтардың оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.


Математика сабағын заманауи технологиялар арқылы өткізуде, Блум таксономиясы арқылы құзыреттілік оқу тапсырмаларын орындауға машықтандыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет