Ашық тәрбие сағаты 10 «Б» сынып Тақырыбы


Ресурстар: Кинопроектор, ноутбук



бет3/3
Дата22.01.2022
өлшемі62,48 Kb.
#129598
1   2   3
Байланысты:
1247 9Lo

Ресурстар:

  1. Кинопроектор, ноутбук

  2. Видеоролик: «Шыңғыс пен шындық»

  3. Презентация: «Діни экстремизмге қарсы күрес»

  4. Презентация:«Экстремизмнің алдын- алу»

  5. Презентация: «Тәубеңе кел»


Тәрбие сағатының барысы

І бөлім:Кіріспе. «Шыңғыс пен шындық» видеобаянын көрсету арқылы оқушылардың «өзін-өзі пайдалы жүзеге асыру», «өмірде өз орнын табу» сияқты құндылықтар туралы ой қозғау.

ІІ бөлім:

  1. Діни экстремизмге қарсы күресті жан-жақты талдау, талқылау мақсатында 10 «Б» сынып оқушылары дайындаған таныстырылымды қарастыру.

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Экстремизм деген не?

  2. Экстремистік ұйымдарға кімдер кіреді?

  3. Экстремистік ұйымдардың мақсаты?

  4. Экстремистік топтардағы адамдардың тағдыры.

  5. Қалай алдын алуға болады.

  6. Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?

  7. «Дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару» дегеніміз не?



  1. Лаңкестік оқиғалар туралы видеороликтер көрсету арқылы көремендермен әлемді түршіктерген АҚШ-тағы, Ливиядағы, араб елдеріндегі болып жатқан қанды қырғындар туралы пікіралмасу өткізу.

  2. 9-10-11 сынып оқушыларының арасынан оқушылар таңдау арқылы «рольдік ойындар» тәсілін пайдаланып лаңкестік ұйымдарға қатысудың алдын –алуға байланысты «ТВ-шоу» ұйымдастыру.

«Бас муфти», «Аудан әкімі», «Ауыл әкімі», «Мектеп директоры», «Ата-ана» роліндегі оқушылармен және көрермендермен«ТВ -шоу» сұхбат өткізу. Рольдерге таңдалған оқушыларға залдағы оқушылар сұрақтар қояды, әрбір оқушы өзіне бекітілген рольге байланысты сұрақтарға жауап береді. Залдағы оқушылардың міндеті конференция тақырыбына байланысты өздерін толғандыратын сұрақтар қою, ал рольдегі оқушылар қойылған проблеманы шешуге байланысты өздерінің көзқарастарын тұжырымдайды.

«ТВ-шоу» ұйымдастырудағы мақсат - барлық оқушыларды үдеріске тарту, қатыстыру арқылы оларға экстермизмнің адамзат үшін қауіп-қатерін көрсету, қоғамдағы әрбір оқиғаға қатысты дұрыс позиция таңдай білуге тәрбиелеу.

  1. «Тәубеңе кел!» видеобаяны арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірінен үзінділер көрсету. Мақсаты: мүгедек жандардың өмір сүру үшін күрестегі жетістіктерін мысалға ала отырып, дені сау, 12 мүшесі түгел адамдардың да өз өмірін мәнді етуіне, зиянды және қоғамға жат қылықтардан аулақ болуына насихаттау.

ІІІ бөлім: Қорытынды. «Түйінді ой» 10 «Б» сынып оқушылары тақырып туралы ойды қорытындылау үшін Абайдың, Б.Момышұлының және Н.Ә.Назарбаевтың сөздерінен үзінді оқиды.

  • Абайдың 14-сөзі: «... Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып алар жүрекке жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады. Жаманшылыққа беріліп кеткен соң бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады»

  • Б.Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмін, дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Мен солардан қорқамын»

  • Н.Ә.Назарбаев: «Діни экстермизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса, елде береке, бірлік, тыныштық болады»

ІV. Кері байланыс: «Басбармақ»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет