Ашық тұқымды өсімдіктер Биология пәні 7 класс



Дата09.04.2017
өлшемі37,7 Kb.
#13537
Ашық тұқымды өсімдіктер

 

Биология пәні 7 класс


Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі, яғни ағаш, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбею циклінде аналық бүрлердің тұқымынан жаңа ұрпақтың жетілетіні туралы білім беру.
б) дамытушылық. Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім-біліктерін дамыту.
ә) тәрбиелік. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік, ауызша баяндау, ойын, сұрақ - жауап.


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қарағай, шырша, самырсын, арша өсімдіктерінің кеппешөптері, плакаттар.

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытынды
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1 – плаундар тобы, 2 – қырықбуын, 3 – қырықжапырақ тобы. Әр топтан оқушылар шығып, өз аттарындағы өсімдіктер жайында сабақ айтады. Және жалпы қырықжапырақ өсімдіктері жайында айтып, «Мен – саған, сен - маған» атты ойын түрінде бір - біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Жаңа сабақ.


Тоқта, кәззап, шаппа жасыл аршаны,
Жас ұрпақтың жан саясы, аңсары.
Балталауға қайтіп оны қиясың,
Бұл ару ғой – көздің көркі, тау сәні.
(Қ. Бекхожин)

Кәдімгі қарағай


Жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу, сымбатты болып өседі. Һ=40 м, жарық көп түскен жерде тез өседі. Тамыры кіндік тамырлы. Жанама тамырлары ұсақ тамыршаларға бөлініп, микориза түзеді. Жапырақтары өркенге жұптасып орналасады. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діңінен өте көп шайыр ағады. Янтарь – қатып, тасқа айналған сары түсті шайыр. Көпке дейін янтарьды орыс ғалымы М. В. Ломоносов «Күн тасы» деп атап келген. Қызғылт түсті аналық бүрлер негізгі өзекше мен қабыршақтардан тұрады. Сыртқы қабыршақ – жабын, ішкісі – тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірігіп, тұқымбүршік түзеді. Аталық бүрлер жасыл сары түсті, өркеннің төменгі жағында орналасады. Тозаңдары ауаға толы, жеңіл болады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдары аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. 13 айдан кейін ұрықтанады. Тұқым 5 айда пісіп жетіледі, ал бүрден пісіп жетілген соң 3 айдан кейін төгіледі. Сөйтіп 21 ай өткен кезде тұқым пісіп жетіледі. Аналық бүр қоңыр түсті болады. Қылқанжапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Тұқым желмен ұшып таралады.
Қарағайдың шайырынан сәндік бұйымдар жасап, оны қайта айдау арқылы алған канифоьмен шекті аспаптардың ішектерін жылтыратады, спортшылар тайғанамау үшін аяқ киімдерінің табанын майлайды, көпіру үшін сабынға қосады, қағаздарды жылтыратады. Қарағайдың сүрегі өте мықты, шірімейді, сондықтан оны темір жолдарға төсейді, шахталарға тіреу жасайды, қылқанынан сықпа май жасап оны жараға, күйікке жағады.
Жаңа терминдер
Микориза – (микос - саңырауқұлақ, риза - тамыр) селбестамыр.
Дің - ағаш сабағы
Шайырлы өзекше – шайыр, эфир майы толған жасушааралық кеңістік.
Бірүйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларының бір өсімдікте болуы.
Екі үйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларың екі өсімдікте болуы.
Эндосперм – қоректендіруші ұлпа.
Эрозия – топырақтың бүлінуі, құнарлы қабатынан айырылуы.
Арша – даражынысты, екіүйлі өсімдік. Бүрі жұмсақ, шар тәрізді жидекке ұқсас. Халық оны «Бүржидек» деп те атаған. Оның бүрінен мармелад дайындалады.
Балқарағай жапырағы күзге қарай ашық - сары түске боялып, қысқа қарай түсіп қалады. Сабаққа топтанып орналасады. 400 - 500 жыл өмір сүреді. Кеме, самолет, автомобиль детальдарын жасауға қолданады, суға шірімейтіндіктен көпірге төсейді. Жапырағынан алынатын эфир майын иісті су, сабын, крем өндіруге пайдаланады.
Самырсын – қатты келген қою жасыл қылқандары 5, 15, 30, 40 - тан топтанып орналасады. Діңі өте берік болғандықтан оны кеме, үй мүліктерін, рояль жасауға пайдаланады.
Шырша - қылқан жапырақтары 4 қырлы, қошқыл - жасыл түсті, қысқа. Сабақ өркендерінде бір - бірден орналасқан, 7 - 9 жылда түседі. Жап - ры кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.
Қарағай – жапырақтары жұптасып орналасады, бұтақта 2 - 3 жыл сақталады, жерге түскен жап - р ұзын болады.
Жатаған шырша – ашықтұқымды бұта. Қалемше арқылы өсімді жолмен көбейеді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Зеравшан аршасы – мәңгі жасыл қылқанжапырақты ағаш. Өте баяу өседі. 50 жылдан кейін жеміс береді.
Қосмасақшалы қылша – екі үйлі өсімдік.
«Сен білесің бе?»
- Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.
- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.
- Қайың – 150 жылда 20 м.
- Емен – 2000 жылда 40м.
- Балқарағай – 850 жылда 45 м
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.

IV. Бекіту тапсырмалары.


«Құпия сан»
1. Жеміс түзбейді. 1. Ашықтұқымдылар
2. Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі. 2. Дің
3. Селбестамыр. 3. Арша
4. Ағаш сабағы. 4. Сүрек
5. Екі үйлі өсімдік. 5. Микориза
6. Топырақтың бүлінуі. 6. Эрозия
Жауабы: «Құпия сан - 145236»

«Алтын қақпа» ойыны


Әр қақпаның өз сұрақтары болады. Сұрақтарға жауап беріп, қақпаны ашу керек.
1. Темір қақпа сұрағы: Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта бүрде ашық орналасқан өсімдіктер тобы қалай аталады? (ашықтұқымдылар)
2. Күміс қақпа сұрағы: Балқарағайдың өзге қылқанжапырақтылардан айырмашылығы неде? (жыл сайын күзде жапырағы сарғайып, түсіп отырады)
3. Бұл қылқанжапырақты өсімдік бүрінен мармелад дайындалады. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. (арша)
Үш қақпаның сұрақтарына жауап берілген соң ең түпкі қақпадан мынадай қорытынды сөз шығады.

V. Қорытынды.


Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат - жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол, анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың!

VI. Бағалау. Әр топтың басшылары қарамағындағы оқушыларды бағалау парағына бағалайды.


VII. Үйге тапсырма беру.
§21 оқу. Оқушыларды 3 топқа бөліп, үй тапсырмасы ретінде 1 - топқа қарағай, 2 - топқа самырсын, 3 - топқа арша қылқанжапырақты өсімдіктердің түрлері туралы қысқаша хабарлама (реферат) жазу, тапсырылады.
Каталог: uploads -> doc -> 0e8b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e8b -> Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар
0e8b -> Р/с Бағдарлама тараулары
0e8b -> Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар классы Жорғалаушылардыңт іршілік әрекеті. Сұркесіртке. Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет