ҚАШҚын монодрама Қабырғада кітап сөрелері. Ортада жазу столы. Үстінде қалың кітап жатыр


Дауыс: Сен кітапты көп оқиды екенсің. Сонда ақылыңа ақыл қосылды ма? Қашқын жоғары қарайды



бет5/9
Дата03.04.2023
өлшемі44,26 Kb.
#173559
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Shayahmet Kaskyn

Дауыс:
Сен кітапты көп оқиды екенсің. Сонда ақылыңа ақыл қосылды ма?
Қашқын жоғары қарайды.
Не дейсің? Жоқ ақылды кітап қоса ала ма? Кітапта ақыл көп екені рас!
Кейіпкердің алдында қалың кітап жатыр. Мұқабасына «Қашқын» деп жазылған.
Мына кітап та «Қашқын» деп аталады. Білдей роман. Қытайда жапа шеккен қазақ азаматы туралы. Оқысаң зығырданың қайнайды. Атамекенін аңсаған азаматтың Такламакан шөліндегі «Тарым» түрмесінен үш рет қашып шығып, ақырында қазақ жеріне жеткені туралы әңгіме жүрегіңді қан жылатады. Ол да зытып қашқан ғой. Қашып келгеннен кейінгі өмірі баянды болса болғаны.
Осы романның аттары аталмаған кейіпкерлері Ресейде де, Қазақстанда да жүр. Сонда қашқын деген жаман сөзді олардың маңдайына жазып қойып па?
Қыздың аяғын ауыр қылып, босанган соң әке парызын ұмытып, алимент төлемей қашып жүрген қашқын әкелер бар.
Тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен перзентін көкек секілді тастай қашқан арсыз әйелдер де бар.
Әлпештеп өсірген, қателігін кешірген ата-анасын Қарттар үйіне апарып тастап, перзенттік борышынан қашып жүрген безбүйрек балалар да бар.
Енесін келін қылып жұмсап, баласын анасына қарсы қойып жүрген көкбет келіндер де бар.
Әрине, олардың барлығына бірдей топырақ шаша алмайсың. Байдан көрмеген бақытты баладан көрдім дейтіндер де бар шығар.
Біреулер су мен оттан қашып жүр.
Біреулер соттан қашып жүр.
Ия! Мен де қашқынмын. Орыстың «Жұмыршақ» ертегісіндегі қасқырдан да, қояннан да, аюдан да, атасы мен әжесінен де қашып кететін, ақыр аяғында түлкіге жем болатын кейіпкерінің бір сыңары секілдімін.
Орыстың Колобогын бауырсақ деп аударып алып, атап жүрген аудармашылар нанның киесінен сескенбей ме екен? Колобоктың негізгі мағынасы қолы боқ дегенді білдіреді. Бұл туралы Мұрат Аджидің «Қыпшақтар» кітабында жақсы баяндалған. Бауырсақ деу көңілге қонбайды, нанға да, тілге де обал.
Кейде кино қараймын. Голивудтың фильмдері өте әсерлі. Онда да қашқындар көп. Қарақшылар мен ұрылар полициядан қашып жүреді. Банкирлер мен кәсіпкерлер салықтан қашып жүреді. Сарбаздар әскерден, бағыныштылар бастығынан қашып жүреді. Қашып құтылғандары көп емес. Қалғандары да қашық жүреді.
Қашқындар саясатта да аз емес екен. Бір елде төңкеріс болса. Президенті басқа елге қашып кетеді. Бір кәсіпорынның қаржысы құрдымға кетсе, басшысы қашып кетеді.
Елінде зорлық-зомбылыққа ұшырап, басқа мемлекетке қашып жатқандар қаншама? Оларды қашқын емес, босқын дейді. Не десе де, олар да қашып жүр. Әділетсіздіктен, қорлық пен зорлықтан қашып жүр.
Бәлкім, қашқаны да дұрыс па деп ойлайсың. Қой бастайтын көсем серкені білесіздер ғой. Қойды тоғытқанда қойлар беттемей тұрған жерге барлық қойды сол көсем серке бастайды. Немістің Дюрер деген атақты суретшісі «Соқыр бастаған зағибтар» деп аталған картина салған. Қолында асатаяғы бар, бірақ, көзі көрмейтін зағиб бір топ адамды шыңырауға тірелетін құзға бастап келе жатыр. Отар алдында – кәдімгі көсем серке. Орыстар мұндай жағдайды «козел отпущения» деп бағалайды екен. Оның соңына ергендер түгел құрдымға кететіні аян. Бастаушы – көсем серке – козел-провокатор. Бұл картинаны көргенде «Жол бастатсаң соқырға, құлауың хақ ақырға» деген ой келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет