Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі басшылықтың бір түрі. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.
Қашықтықтан оқыту:
ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;
әлектрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);
білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.
Қашықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);
Қашықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан).
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.