ОҚУ ТӘРБИЕ ҮРДІСІН БАТЫЛ ИНТЕНСИВТЕНДІРУ –УАҚЫТ ТАЛАБЫ.
Аты – жөні: Умарбекова Майра Сейітқасымқызы
«Асықата» жалпы орта мектебі
Лауазымы: мұғалім
Пәні: Тарих және география
Мақала: Оқу – тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру – уақыт талабы
Ұялы телефон 8 701- 616 - 61 - 14
Оқу – тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру – уақыт талабы.
Умарбекова Майра Сейітқасымқызы.
«Асықата» ЖОМ Мақтарал ауданы Ынтымақ ауылдық округі
Резюме
Освоение новых инновационных технологий, интенсивно воспитательных учебных методов является современным видом преподавания.Современный преподаватель должен не только объяснять новый урок также сделать его максимально привлекательным, обучающим и конечно же развивающим.В свои 45 минут преподавателю нужно максимально боьшее количество игр для проведения своего урока. Если на уроке преподаватель будет использовать побольше игр описанных в данном докладе, думаю он достигнет хороших результатов.
Summary
Mastery of new technology, intensive – educational methods appear modern kinds of teachinq.
Modern (teachinq) teacher must not only explain new lesson, but must do it maximum attractive for pupils. And of course pupils must be dewelop. Teacher noeds to spare attention in your 45 minutes teachinq for different quantiny plays. Iq teacher will be use maximum quarantity plays of description in your article, I Hunk he will be achiewe qood results.
Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Бұл салаға қыруар қаржы бөлініп, жетістікке жету жолдары айқындалуда.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласының алдында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім беру саласының алдына оқушылардың білім сапасын көтеру міндеті қойылып отыр. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс – әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі талап етіледі. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты – міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету.
Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпау керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ой – өрісінің, ақылының дамуына бағыт – бағдар беруге тиіс. Бүгінгі күні өзін – өзі таныта алатын жеке тұлғаны дамытуда оқытудың озық жүйелерін меңгеру – уақыт талабы. Оқушылардың білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болу мүмкін емес жағдай.
Уақыт талабы оқу – тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру – оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту – оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс – тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.
Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс – әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс – әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенмен жас жеткіншектер үшін ойын – ең маңызды іс – әрекеттің бірі.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін «ойын» - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс – әрекеттерін, қарым – қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Қозғалыс ойындары арқылы баланың зейіні қалыптасады. Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Ойын элементтерін пайдалана отырып сабақты өту процесін мысал ретінде көрсетсек:
5 сыныптағы тарих пәніне көмек ретінде қазақ тілі, география, кейде математика да қолданылады.Ал көмекші құрал ретінде біз картаны пайдаланамыз. Мәселен бір тарихи оқиғаны атап жатсақ, міндетті түрде оның орналасқан жерін, алып жатқан аумағының көлемін көрсетеміз. Осындай бір кездерде математика пәні де көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Осы әдіс арқылы оқушыны тарих пәі мен басқа пәндерді тығыз байланыс жасауға үйрету керек.
«Қайталау - білім анасы » деген мақал секілді, бір сабақтарда оқушыны тақтаға шығарып, басқа оқушы оған сұрақ қою арқылы жүзеге асады, сұрақтардың барлығы өткен сабақтардан қамтылады, немесе оқушыларға тақырып бойынша тапсырма беріледі, оқушы сабақты түсіндіріп, картамен жұмыс жасайды, оған сабақта ерік беріледі, тіпті кейбір оқушылар мұғалімнің рөлін ойнап сабақ өтуді өтінді. Бұл әдіс оқушыны өткен сабақтарды есте сақтау қабілетін күшейтуге көмек береді.
Кей сабақтарда кеспе қағаз (карточка) арқылы бақылау жасалынады. Оқушыларға үйге 3 – 5 сұрақтан тұратын кеспе қағаздар жасап келу тапсырылады, содан соң бір – бірімен алмасып,қысқаша мазмұн жазылады, немесе мұғалім өзі тест сұрақтарын ала келеді де оқушыларға дұрыс жауапты белгілеуді тапсырады. Осындай уақытта оқушылардың тестті таласып, қызығып алғандарын көрсеңіздер. Бұл әдіс оқушылардың заман талабына сай тест тапсырмаларын орындауға үйретеді.
Оқушылар картамен жұмыс істеуге ерекше зейін қояды. Картадағы объектіні көрсете отырып, өткен тақырыпты айтуға келгенде олардың бойынан ерекше қызығушылық байқалады. Мәселен 5 сыныпта өтілетін 12 параграфтағы «Қазақстан қалалары» деген тақырыпты картасыз өтуді елестету қиын, картадан Ақтау қаласын көрсетіп, сабақ түсіндіргенде оқушылар жаныма келіп көруді өтінді. Үй тапсырмасына осы «Қазақстан қалалары» тақырыбына оқушыларға сөзжұмбақ құрастырып келу тапсырылады. Дәптерлеріне сұрақты жазып, сұрақ қойылса, келесісі тақтадағы сөзжұмбақты қаланың атымен толтырады.
«Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында оқушылар математикалық есептер шығарады.
Мысалы: 4000: 2 – 532 = 1468ж Әбілқайырдың қайтыс болған жылы
732 * 2 + 0 = 1465 ж Қазақ хандығының құрылуы
4000 + 221 – 3000 = 1221 ж Шыңғысханның Орта Азияны жаулап алуы.
Кей сабақтарда оқушыларға мұғалім тарапынан сұрақ қойылады, олар жауап береді, кейде керісінше оқушылар мұғалімге сұрақ қояды. Мысалы 14 параграфтағы «Тас дәуірі палеолит» тақырыбына үй тапсырмасына тек қана оқуды емес, тас дәуірінің палеолит, мезолит, неолит кезеңіндегі еңбек құралдарының суретін салу тапсырылады. Үй жұмысына оқушы қалай дайындалғанын ғана емес, салған суретіне қарай бағаланады. Осы сабақта тарих пәнімен бейнелеу өнері пәні тығыз байланыстырылады, кейбір оқушы өзінің сурет салу қабілетін көрсетеді, өзінің өнерге жақын екенін, шығармашылық жағын көрсетуге үлкен мүмкіндік туады.
Жоғары сынаптармен жұмыс жасау әдісі мүлдем басқаша. Оқушыларға Ежелгі Қазақстан тарихынан, қазіргі Қазақстан тарихына дейінгі оқиғаларға шолу тапсырылады. Мысалы Жәнібек пен Керейден бастап қазақ хандарының хронологиясын анықтау. Бір оқушы Жәнібек пен Керейдің ел билеген жылдарын, жеткен жетістіктерін атаса, келесісі Әз – Тәукенің «Жеті Жарғысын» атап береді. Енді біреуі «Қасым ханның қасқа жолы» деп жатса, біреуі «Есім ханның ескі жолы» деп айтады. Бұл жерде қазақ хандары Шыңғыс әулетінен шыққаны да көп жерде ескертілді, оқушылар мұны да назардан тыс қалдырған жоқ. Жоғары сыныптардағы сабақ өтуді «Алаш»қайраткерлерісіз өтуді елестету қиын. «Алаш» автономиясы, оның жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтың өмірбаяны оқушыларды қатты қызықтырады. Тіпті қазақ халқының соңғы ханы болып есептелінетін Кенесары хан туралы деректерді ашып айтады. Қазақстанның Ресейге қосылуы немесе қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы, зардаптары айқын айтылады. Қазақстанның «Шикізат базасына»айналуы, «Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны» осы науқанда қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы, қазақ жерінің топырағының құнарсыздануы.
Аталған әдіс – тәсілдермен сабақ өту тарих қойнауына оқушыларды саяхатқа алып барғандай болу керек. Біз сабақтарымызды анағұрлым қызықты, танымды, көп салалы етіп өтуге тиіспіз, нәтиже алу керекпіз. Қорыта келгенде сабақта ойын элементтерін пайдалана отырып оқушының есте сақтау қабілетін дамыту, әсерлі ету, қабілеттерін зерттеу, оның табиғи жан – жақты дамуын бағдарлап отыру керек. Оқыту мен үйрену кезінде оқушы тек белсенді түрде ғана меңгерген білім маңызды әрі тиімді. Жаңа технологиялардың қазіргі таңдағы рөлі мен маңызы ерекше, қазіргі кездегі оқушылардың өз ізденуі жан – жақты ақпараттармен қамтамасыз етілуі оқытудағы әдіс – тәсілдерді жеңілдетеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Р.Керімбаева Қ.М. № 1 2008 ж «Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні»
«Шығармашылық мұмкіндіктерді дамытудың педагогикалық шарттары» Б.Тұрғынбаева Ұстаздық шығармашылық Алматы 2007 ж
Достарыңызбен бөлісу: |