Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы


Қоянтәрізділер отряды (Lagomorpha)



бет46/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Қоянтәрізділер отряды (Lagomorpha)
Көп уақытқа дейін кемірушілер отрядына жатқызып келген, сан жағынан аздау (шамамен 60 түрі белгілі) отряд. Бұлардың өздеріне тән ерекшелігі жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісі болады. Онша үлкен емес (жабайы қояндар, үй қояндары), бойы аласа (шиқылдауықтар – пищухи) ұсақ аңдар жатады. Оларға тән ерекшеліктер құлақтары үлкен, артқы аяқтары ұзын құйрықтары және құйрықтары қысқа болады. Өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Өсімтал жануарлар, қояндар мен үй қояндары дүние жүзінде кең таралған. Олар Оңтүстік Америка мен Мадагаскар жерінде жоқ, ал Австралияға арнайы алып келіп жіберілген.
Қазақстанда қоянның үш түрі кездеседі: құм қояны, ақ қоян және орқоян. Құмқоян Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының құмды төбелерінде кездеседі. Құмқояны өсімтал, әр туғанда 1-9-ға дейін көжек туады. Аққоян Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау т.б. Республикамыздың солтүстік облыстарында кездеседі. Орқоян Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау облыстарының құмды, Жайық өзенінің жайылымында, тоғайдың арасында, ашық далалы жерлерді мекендейді.
Қазіргі үй қоянының отаны Оңтүстік Европа (Испания, Оңтүстік Франция) деп саналады. Сол жерден Европаға, Солтүстік Америкаға, Африкаға, сол сияқты шығыс елдеріне, оның ішінде Жапонияға, Қытайға, Австралияға тараған.
Жабайы үй қояндарының екі түрі белгілі: кәдімгі және майқұйрық үй қояны. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда үй қояндарының барлық тұқымдары осыдан 2000 жыл бұрын, оңтүстіктің европалық тағы үй қояндарынан шыққан. Қазіргі уақытта үй қояны дүние жүзінің барлық елдерінде өсіріледі.
Үй қояны мен жабайы қояндардың еті, терісі және жүні әркімге белгілі. Сол үшін қолда өсіреді, аңшылық кәсіп ұйымдастырады. Ал олар шамадан тыс көбейіп кетсе, үй малдары жейтін пайдалы өсімдіктерді жеп зиянын тигізеді. Сонымен қатар әртүрлі жұқпалы ауруларды таратуы да ықтимал.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қалталы сутқоректілердің ерекшелігі

  2. Қалталы аңдар.

  3. Географиялық таралуы.

  4. Қолқанаттылар отряды





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет