Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет13/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Нерв жүйесi. Балықтардың орталық нерв жүйесi ми мен жұлыннан құралады. Олардың миы басқа омыртқалыларға қарағанда, кемiрек жетiлген. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Бас миының барлық бөлiмдерi үлкейген, олардың құрылысы күрделенген. Алдыңғы мидың иiс бөлiмшесi үлкейген және химиялық тiтiркендiргiштi қабылдайды. Шемiршектi балықтардың тез қимылдауларына, жүзуiне байланысты тепе-теңдiк, жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемi үлкейген. Сонымен бiрге жұлынының да құрылысы күрделенген.
Сезiм мүшелерi суда тiршiлiк етуiне байланысты түрлi тiтiркендiргiштi қабылдауға бейiмделген. Көздерi сыртқы жалпақ мөлдiр қабық пен көз алмасынан тұрады, қабағы болмайды. Алыстан көруi нашар, шемiршектi балықтар заттың түсiн айыра алмайды. Есту мүшесi iшкi құлақтан ғана тұрады. Оның ш жарты шеңберлi каналдары болады. Иiс сезу мүшесiнiң қызметiн жұп иiс сезу шұңқырлары атқарады. Бүйiр сызығы айқын байқалады. Бүйiр сызықтар балыққа жүзген кезде, оның жолында кездесетiн заттардан пайда болатын судың болмашы тербелiсiн қабылдауға мүмкiндiк бередi. Осы бүйiр сызықтарының арқасында балық су ағысының бағытын сезедi, жолында кездескен кедергiлердi көрмей-ақ айналып өтедi.
Қан айналу жүйесi. Балықтардың барлығында да қан айналу жүйесi ланцетниктердiкiне ұқсас. Барлық балықтарда, тек қостынысты балықтарда бiр қан айналым шеңберi болады. Сондықтан жүрек арқылы тек вена қандары ғана өтедi. Шемiршектi балықтардың жүрегi екi камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге вена қаны құйылатын веноздық (синус) қуыс жалғасады. Қарыншаға – артериялық конус жалғасады. Артерия қаны жүрекке соқпай, денеге тiкелей желбезектен таралады. Қан тамырлары мен өте жай қозғалады және оттегiне онша бай болмайды. Тотығу процесi тым нашар өтедi, сондықтан да балықтың денесiнiң температурасы жоғары болмайды, өзiн қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседi. Суық суда балық денесiнiң температурасы төмендейдi, ал жылы суда – көтерiледi. Балықтарда қан жасайтын мүше көкбауыр бар. Көкбауырда және сол сияқты бауыр ұлпаларында эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет