Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет37/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

 
 
 
Адам келбетін (портрет) түсіру 

адамның бас келбетін жасағанда фотоәйнеккөзді суртке түсірушінің
көзі бір деңгейдегі биіктікте, белге дейінгі келбетін түсіргенде аппаратты 
түсушінің иек мөлшеріндей биіктікте, ал адамның денесін толық түсіргенде 
оны суретке түсірушінің белі деңгейіндегі биіктікте ұстау керек (пропорция, 
перпендикуляр сақталу керек). 
Сурет түсіретін орын (нүкте) дұрыс табылса , суреттің композициялы
құрылысы сәтті әрі нанымды болып шығады. Кадрда артық ештеңе жоқ. 
Барлығы өз орнында. 
Негізгі нысанды алдыңғы шепке шығарып және оны сол кеңістік 
қоршап тұрған басқа бейнелерге қарағанда анық, айқын етіп түсіру – 
композиция құрудың негізгі ережелерінің бірі.
Негізгі нысанның бейнесін жарықтың көмегімен даралап көрсету үшін, 
біріншіден, айнала (фон) бөгде болғаны жөн, екіншіден, түсірілетін негізгі 
заттың бейнесі өзін қоршап тұрғандарға қарағанда анағұрлым ерекшелеу, 
айқындау болуы керек. 
Суретте түсірілген заттың қозғалыс динамикасын көрсету де композиция 
құрудың негізгі тәсілдерінің бірі болып есептеледі. 
Кадрда қозғалып келе жатқан заттың бағытына қарай бос кеңістік 
қалдыру керек. Әр нәрсе орнында, өз кеңістігінде тұрса ғана сұлу. 


43 
Композиция 
өте 
жақсы 
құрылған 
кезде 
біріңғай 
реңктер, 
пішіндер,үлкенді немесе кішілі және т.б. шешімдер көзге ұрып тұрмайды. Ой 
жүйесіне сәйкес композицияның кейбір бөлшектері байқаусыз реңкте, 
кейбіреулері көлеңкеге жасырылған (кейде үлкен фигуралар да), үшіншілері 
өте айқын көрсетілуі мүмкін. Әсіресе, сюжеттік композицияның орталық 
нүктесіндегі басты затқа реңктік түстер айқынырақ қолданылады. Сөзсіз 
композицияға тән нәрсе болып табылатыны,тек қана әртүрлі реңктердің 
үйлесімділігі ғана емес, заттың немесе адамның тұрған тұрысымен, 
бұрылысымен, фигуралардың және заттардың кейіптерімен де ерекшеленеді. 
Cондықтан да композициялық міндеттерді реңктік қарым-қатынастар арқылы 
шешу үшін, суретші жарық көлеңке туралы, кеңістік перспективасы
композиция мәселелері туралы білімдерімен де қарулануды қажет етеді. (2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет