Асылхан Абдраим


 Қазақ баспасөзінің фотожурналистері



Pdf көрінісі
бет60/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

2.3 Қазақ баспасөзінің фотожурналистері 
 
Рысқали Дүйсенғалиев (1916-2006) 
 
КСРО Журналистер одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысының ардагері. 
1952 жылдан фототілшілікпен айналысты. Қазақстанның еңбек сіңірген 
мәдениет қайраткері. Бірнеше рет республикалық деңгейде фотокөрмелері 
ұйымдастырылды. ТМД елдері мен шетелдерде өткен байқауларда көптеген 
жүлделерге ие болған.
Петр Редько (1906-1976) 
«Лениншіл жас» (Қазіргі «Жас Алаш») газетінде ұзақ жыл, одан соң 
«Мәдениет және тұрмыс» журналында қызмет істеген. Сол заманның өр 
тұлғасын паш еткен әр суретте Петр Яковлевичтің жүрек жылуы бар еді. 


65 
Бекмұхамбет Тілекметов (1925-1970) 
 
1943 жылы 18-ге толғанда әскерге алынып, 1950 жылға дейін қызмет 
етті. Кейін Қазақ университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 
1956 жылы бітіріп шықты. Отыздан асқанда «Социалистік Қазақстан» қазіргі 
«Егемен Қазақстан» газетіне жұмысқа орналасты.
Нұрғожа Жұбанов (1929 жылы туылған) 
 
1961-1990 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында қызмет атқарған. 
1990-2000 жылдары «Шалқар», «Қазақ елі», «Заман Қазақстан», «Ұлан» 
газеттерінде қызмет етті. 1989 жылы Мәскеуде өткен КСРО фотосуретшілер 
одағының съезінде Қазақстан фотосуретшілер одағының бірінші хатшысы 
болып тағайындалды.


66 
Қайрат Мұстафин (1932-2005) 
 
Қарағанды 
қаласында, 
қазақтың 
классик 
жазушысы 
Ғабиден 
Мұстафиннің отбасында дүниеге келді. ҚР Журналистер одағының мүшесі. 
Ұзақ жылдар бойы Қазақ телеграф агенттігінде еңбек етті. Зейнетке 
шыққанға дейін «Өнер» баспасында қызмет атқарды.
 
Жүнісбек Пайызов (1930-2002) 
«Білім және еңбек» қазіргі «Зерде» журналында қызмет атқарған. 
Негізінен Ұлттық академияның ғылыми зерттеу институттарының және 
жоғары оқу орындарының өмірінен фотосуреттер түсіріп отырған. 
Сондықтан да оның жеке мұрағатында Қазақстан ғылымының фотошежіресі 
хатталған деуге болады.
Сиез Бәсібеков (1936-2000) 
 
Қазақ журналистикасында айшықты орны бар тұлға. Республикамызда 
фотожурналистер арасында алғашқы болып «Құрмет белгісі» орденімен 
марапатталған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Егемен Қазақстан» 
газеттерінде қызмет атқарған. 


67 
Сайлау Пернебаев (1939-2007) 
 
«Қазақстан мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен 
Қазақстан») газетінде жұмыс істеген. 1981 жылдан бастап зейнеткерлікке 
шыққанға дейін республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарған. 
Оның газет беттерінде жариялаған фотосуреттері одақтық газет-журналдар 
конкурстарында 16 дүркін бас жүлдені жеңіп алған.
 
Дендірбай Егізов (1939-2007) 
 
Қазақтың спорт фотожурналистикасының негізін қалады. Бір ғана 
басылымда – республикалық «Спорт» газетінде қызмет істеді. Бір ғана 
соқпақпен жүрді. Спорт фототілшісі болып өмірден өтті. 


68 
Нұрманбет Қизатұлы. 1941 жылы туылған 
Қазақ фотожурналистикасының айтулы шеберлерінің бірі. Суретке 
түсірумен жастайынан әуестенген. Республикалық «Заң газетінде», одан соң 
зейнетке шыққанша «Жетісу» газетінде қызмет атқарған. 
Алашыбай Есмағамбетов (1945-1996) 
 
Әскерден кейін 1971-72 жж. аралығында қазақ радиосында редакторлық 
қызметтен бастап, кейін «Лениншіл жас» қазіргі «Жас Алаш» гезетінде 
секретариатта қызмет істеген. Жан-жақты талантын көрсете білді, оған қоса 
фототілшілік үлкен еңбегін атауға болады.
Рахымбай Ханалы (1951-2005



69 
 
Қазақ фотожурналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған 
Рахымбай Ханалы еңбек жолын «Қазақ әдебиетінде» бастап, «Ұлан», «Жас 
Алаш» газеттерінде жалғастырған. Ал өмірінің соңғы он шақты жылы 
еларалық «Қазақстан- Заман» газетімен тығыз байланысты. 
 
 
Әскер Исақов (1941-2009)
 
Қазақ фотожурналистикасын зерттеуші. Ол сонымен қатар 
республикалық басылымдарда да қызмет етті. Өмірінің соңғы кездерінде 
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі филология 
факультетінің журналистика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс 
істеді. 
Қазiр 
ғылым мен техниканың қарыштап өскен шағы. Ол 
фототехниканың күрт өсуiне септiгiн тигiздi. Бұрындары шетелдiң 
фототiлшiлерiнiң қолынан ғана көретiн Жапония, Америка Құрама 
Штаттарының шығарған осы заманғы озық фотоаппараттарына қызығатын 
уақыт өттi.
Қазіргі кезеңде заманауи сандық фотоаппараттарды игерген, 
республикалық басылымдарда қызмет атқарған және атқарып жүрген аға 
буын фототілшілер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет