98
Жай адамдардың кіруіне болмайтын нысандардың бірі - ұлы шейхтің
қылуеті. 63 жасқа толғаннан кейін ол өзін «Құдайдың сәулесін» көруге тиісті
емеспін деп есептеді. Бұдан әрі қарайғы өмір Мұхаммед пайғамбар өмір
сүрген жастан артық еді. Ұлы шейх өмірінің қалған бөлігін (18 жыл)
қылуетте –
тастан қашалған, тереңдігі 2,5 метр, көлемі 1,5х1,5 м жайда
өткізді. Объективі 30 мм («Fish-eye») болатын штативті «Хассельбладым»
пен «Метц» жарық түсіргішімді сайлап алған мен оның ішіне ертерек кіріп
алдым. Сөйтіп, қылуеттің шығар есігіне қарай түсірдім, өйткені
кірер есікке
қарап түсіруге әрекет жасағанымда, «Метц» істемей қалды. Шықсам –
«Метц» істеп тұрады, қылуетке қайта кірсем – істемейді. Мистика!
Жұмысымды бітірген соң, мазасыздандырғаным үшін
кешірім өтініп,
дұға оқыдым. Бұл үшін қамалдың ішіндегі зиярат етушілерге арналған жайда
түнеуге тура келді. Таңғы сағат 4-те тұрып, аппаратты орнықты жерге қойып,
күннің алғашқы шапағы біліне бастаған сәтте әртүрлі объективпен (30, 50,
150 мм) бірнеше нұсқа түсірдім. Ең сәтті кадр 150 миллиметрлік объективпен
түсірілді. Ешқандай да слайд емес, тура пастельдік бояулармен салынған
картина сияқты әсер береді. «Velvia» құдіреті деген осы.
Мұражайдың өзге экспонаттары – шырақтар, құмыралар және басқалар,
найза ұшы (айтпақшы, оны дәл мендей жақыннан түсірген ешкім жоқ)
кесененің қараңғы дәлізінде ешқандай жарық күшейтпестен 16
диаграммамен, 20 секундтық кідіріспен түсірілді. «Velvia» өзіне тән ғажайып
сезімталдығын көрсетті.
Ендігі сөз – сағананың ішіндегі түсіру жұмыстары туралы.
99
Көкшіл түсті мазарды көрсете отырып, сонымен бірге бір мезетте сағана
төбесін түсіру үшін жатып жұмыс істеуге тура келді (объектив – 30 мм «Fish
eye», кідіріс 10-15 секунд, 22 диаграмма). Сағана қабырғасы ақ болса да,
оның ішіндегі сәулелендіріп тұрған галогендік прожекторлар жасыл реңк
беріп тұрды.
Өз басым түсіру жұмыстарының нәтижесіне қанағаттандым. Бұл –
кемелдене түсуге жасалған тағы бір қадам. Десек те, кемелденудің шегі жоқ
емес пе?..»– дейді «Империал» агенттігінің фотосуретшісі Дулат Сланов.
Достарыңызбен бөлісу: