Асылхан Абдраим


Фоторепортердің негізгі жетістіктерін анықтайтын ережелер



Pdf көрінісі
бет47/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

Фоторепортердің негізгі жетістіктерін анықтайтын ережелер 
төменде келтірілген: 
 
1. Іс-шара болатын жерге ертерек (кем дегенде, 45-60 мин басталғанға 
дейін) келу қажет. Алдымен тіркелу, сонан соң өзінің түсірілімін жасау үшін 
қолайлы жер табу керек. 
2. Іс-шараға алып баратын құрал-жабдықтары түгел болуы тиіс, 
сонымен қатар болатын жағдайды алдын-ала елестете білуі қажет. 
3. Ұйымдастырушылармен ынтымақтастықта болуға тырысыңыз. 
4. Сыпайы болу керек. Өйткені көп шағым жасайтын, ыңғайсыз 
жағдай туғызатын фототүсірушілерді келесі жолы шақырмауы мүмкін. 
5. Кейбір жағдайда фототүсірілімге қолайлы орын үшін талас болуы 
мүмкін. Мұндай кезде ұстамды болыңыз. Егер сыпайы түрде сұрасаңыз, 
әріптестеріңіз сізге қолайлы орынды өздері тауып берулері ғажап емес. Ол 
үшін БАҚ-тың басқа да өкілдерімен достасуыңыз қажет. 
6. БАҚ-тың алдында өз міндеттеріңізді әрқашан ұқыпты орындаңыз. 
7. Фоторепортерлерге белгіленген аймақтан шықпаңыз. Болып жатқан 
процесті немесе бір өкілдің сөзін ешқашан сынамаңыз. 
8. Бір суретті түсіру үшін алдын-ала ойланыңыз. Бұл суретпен сіз нені 
жеткізгіңіз келеді деген сұраққа жауап болуы тиіс. 
9. Шыдамды болыңыз! Түсірілім кезінде басқалардың орын 
ауыстыруына кедергі жасамаңыз. Келесі жолы олар да сізге қолайлы жағдай 
жасайды. 
10.Егер сіз фотосуретті коммерциялық мақсатта қолданданбауға сөз 
берсеңіз, сөзіңізде тұрыңыз. 
11.Өзіңізден кейін жинастыруды ұмытпаңыз (пленка қабығын немесе 
басқа да қоқыстар). 
12.Адамдарды әшкерелейтін суреттерді ешқашан түсірмеңіз. Мысалы: 
сахнаның артында, шешінетін бөлмелерде. Бір сөзбен айтқанда, қолыңызда 
бар артықшылықты жөнсіз пайдаланбаңыз. 
13.Әрдайым есіңізде болсын! Сіз көрермен емес фоторепортерсіз!!! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет